Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Сингармонизм

28 қараша 2012, 12:21

Алаштың ақыл-ой әлемi Ба­тысқа да, Шығысқа да Абай Құ­нанбайұлының парасат биi­гiнен үңiлуге дағдыланған. Ол сол­ай болуға тиiстi де. Себебi бiз бiлетiн әргi-бергi руханият саласында, оның iшiнде сөз өнерiне келгенде «кемел адам деңгейiне көтерiле алған да, санаулылардың санаулысы да – осы Абай Құнанбайұлы. Де­мек, бiздің абыз Абайды маңдайға ала отырып, оның шы­ғар­ма­шы­лығына сүйене отырып, ар аты­нан сөйлеуге толық қақымыз бар.
Ендiгi әңгiме Маралтай тура­лы. Маған Маралтайдың тағдыры да, шығар­ма­шы­лығы да бiр кiсiдей таныс. Алматыға өткен ғасыр­дың 90-жылдары ат басын тiреген Маралтай «өртке кiрiп, өрттен шыққандай» (Т.Медетбек) ала­құйын мiнезiмен, тағ­дыр­лы өлеңдерiмен әдеби ортаны ерте мойындатты. Ол поэзияда түрлi экс­пе­ри­менттерге батыл қадамдар жасады. Ал ендi кемел Абай мен бүгiнгi Маралтайдың шығармашылығында қандай үндестiктер бар дегенде мен мынадай дүние­лер­ге назар аударған болар едiм. Әдетте бiз син­гар­монизм заңдылығын әдебиет пен музыкаға да қа­ратып қолдануға болаты­нын ескере бермеймiз. Белгiлi бiр тұлға­лардың санасындағы ой ағындарының таң­ба­лану мәнерi мен дыбысталу әуездiлiгi сыңарласа кө­рiнiс тапқанда өнерден өнер тудыру салтанатына ұласады.

Гүлiн, нәрiн, шұғыласын
Желпiп шашқан күн ғайып.
Кiнәлi кiм, неғыласың,
Құшақтатып түнге айып.

Өзiн-өзi қамықтырып
Әм жұбатып әбiгер.
Жар-үмiтiм жанып тұрып,
Ағып түскен жәдiгер.
Көресiмдi көрсеттiң-ау,
Көсегелi жас өрiм.
Өремдегi ой өлшемiнен
Күбiрлейдi аш ерiн:

«Пенде көрген бар қызықтың
Бәрiн iшкен сұм жүрек.
Айныған соң, сен жолықтың,
Айтып-айтпай не керек?!»

Соңғы шумақты тұтас­тай Абайдан алып отыр­ғаны­мен, Маралтайдың бұл өле­ңi — бiз жоғарыда атап өтке­нi­мiздей, өнерден өнер ту­ды­рудың нақты мы­салы. Бұл өлеңдi Абай­дың Пуш­кин­нен аудар­ғанын жақсы бiлемiз. Пуш­кин поэ­зиясын­дағы iшкi әуездiлiк Абай жүрегiнде транс­формация­ланып, Маралтай қаламына құ­йылған кезде ешбiр мәнiн жоғалтпаған. Ал өлеңдегi көңiл күй ауаны – басқа әң­гiме.

...Iңiрде шығып төбеге,
Жанарға жас боп құйылған
Ана бiр жарық немене,
Ғұмыр ма қыршын
                                 қиылған?

Не ұғып, ненi бiлемiн,
Менiң де санам боданда.
Ақын ба әлде жүрегiн
Қансоқта еткен қоғамға?

Ұмсынған көкке құрысын,
Адамның бiздей әуресi.
Аспанның түбi – тылсым,
Сананың соқыр сәулесi.

Жырдың iшек-қырын­ды­сы мен астары­нан, таң­ба­лану мәнерi мен табиға­ты­нан әрiдегi Гете мен Бай­рон, Лермонтов пен Пуш­киннiң Абай тiлiндегi әуезi айқын қы­лаң берiп тұр. Бұл ешқандай да ими­тация емес. Бұл — Абай талғамындағы таңдау­дың байып жетiлген нұсқасы. Қазақтың көңiлiне жақын, жүре­гiне ыстық форма. Маралтай — әр дәуiр­дегi, әр қо­ғам­дағы жаңа­шыл ақындардың жетiстiгiн қапысыз сезiнген, өзi де сол биiкке ұмсынған ре­форматор. Абай жыр­ларына үндес Ма­рал­тай жырла­рындағы тағы бiр ерек­шелiк, ол сезiм аккордтарын қуалай әкеліп кульминацияны соңғы шумаққа байлап тастайды. Әдетте кез келген жанр мұндай шешiмдi қабылдай алмас едi. Мұндай бай­ламға бару өнер құдiретiне деген шек­сiз нанымнан туындайды.

Түн мекенi – түнекке
Серiк таппай бойлаған.
Бiздiң ғазиз жүрекке
Жұлдыз шашып ойнаған.

Кексе дүние тұр үнсiз,
Көкке сүйреп көңiлдi.
Қалатындай ғұмырсыз,
Санам санға бөлiндi.

Құстың тынып шырылы,
Жаным аңсап, егiлiп,
Қайыңдардың бұрымы
Жүрегiме төгiлiп.

Бiз ұқпаған жалғанның
 Сiз табарсыз шешiмiн.
Қағып, күтiп қалған кiм
Ескi өмiрдiң есiгiн?!

Тағы да есiңiзге ерiксiзден-ерiксiз Абай оралады. Абайдың әлi күнге елге беймәлiм өлеңiн оқығандай күй кешесiз. Бiрақ бұл — иллюзия. Бұл — Марал­тай­дың өлеңi. Ал­ай­да барлық сипатымен Абай поэзия­сы­нан нұр алып тұрған өлең!
Қарға өнген бәйшешек сияқты...
Бекболат ТIЛЕУХАН, Жырау, мемлекет және қоғам қайраткерi, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының иегері