Сиви Махмуди омырауына ота жасатып, үлкейтіп алғанын айтты

14 қазан 2021, 15:18

Әнші, актриса Сиви Махмуди омырауына ота жасатып, үлкейтіп алғанын хабарлады. Өнер иесі мұндай қадамға үш баланы дүниеге әкелгеннен кейін бекінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шамамен бір ай бұрын маммопластика жасатып, кистаны алдырып тастадым. Енді өзімді сенімді әрі жақсы сезінудемін. Әйел үшін өзін, тәнін жақсы көру және айнадағы кескініне тамсану маңызды. Енді менің омырауым керемет күйде. Операция жасату туралы шешіміме еш өкінбеймін", - деп жазды Сивиетта. 

Желі қолданушылары мұндай жаңалықты жария еткен әншіге ұрысып тастады.

"Сол да мақтанатын нәрсе ма?", "Туу, қартаймаймын деп ойлайды ма?", "Жасандылықтың керегі жоқ", "Сиви, денсаулығыңызды құртасыз, керек емес. Өтініш. Онкологиялық ауруды өзіңіз тілеп алмаңызшы", "Зиян ғой ол", - деп жазды оқырмандар.

Stan.kz