Өркениет

"Іске көштік": Қабатовтың жары қызына тіл тигізгендердің заңмен жазаланатынын ескертті

  • "Іске көштік": Қабатовтың жары қызына тіл тигізгендердің заңмен жазаланатынын ескертті

Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова елді шулатқан ҰБТ дауынан кейін байланысқа шықты. Ол жалған жалаға ұшырағандарын алға тартып, осы уақытқа дейін қызына, отбасына тіл тигізіп, намысын қорлағандардың заңмен жазаланатынын ескертті, деп хабарлайды Stan.kz.

"Бала дегенде әрбір әке мен шешенің шығар жаны бөлек.
Дәл қазір біздің отбасымызға жасалып жатқан ақпараттық шабуылға біз үнсіз қалып отырған жоқпыз. Біз іске көштік. Жақында ақ-қарасын дәлелмен ажыратып, халық алдында есеп береміз. Тек уақыт керек.

 
Өмірде жалған жала арқалағаннан асқан сорақылық жоқ екен. Дәл қазір менің ана жүрегім қас айырылып жүр. Өзіміздің қазақ бауырларымыздың бізді “халық жауы” етіп көрсетуге сонша талпынып жатқаны күйіндіреді. Ашық тұрған жарамызға тұз сеуіп, бізбен қоса баламызды ащы сөз, жалған ақпаратпен тұншықтырып жатқан әлеуметтік желі белсенділеріне налимын.

“Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос” деп Абай бабамыз келтірген жолдар қай кезде де өзекті. Қазақты жығып беретін, жығылған кезде жұдырық беретін де өз қазағымыз… өте өкінішті!

Халық алдында ұпай жинау үшін, охват пен лайк санын көтеру үшін теріс ақпарат таратқан, жеке бастың құқығын таптаған, бойжеткенге тіл тигізген әр блогер, жазушы, желі белсендісі Заң алдында жауапсыз қалмайды.

Өмірге өкпелі адамдар өзгелерді сөккісі келеді де отырады… Алла олардың балаларына жар болсын!

Руханиятқа бет бұрып, өмірден “мән” іздегендер өзгенің баласына ауыр сөз айтпас еді", – деп жазба қалдырды Мөлдір Instagram-дағы парақшасында.

Желі қолданушыларының басым дені Мөлдірді қолдаса, кейбірі барлығына ата-ана жауап беруі керек деп дабыл қақты.

"Аллам жеңілдігін берсін. Басымнан өткен соң, бәрін түсініп, шын жүрегіммен сендер үшін дұғадамын. Сабырлы бол Мөлдір. Бәрі жақсы болады", – деп қолдау білдірді танымал психолог, коуч Құралай ханым.

"Уақыт емші. Маған ана қаршадай қыз уайым болды, күнкөрістің қамы деп білімін пайдаланып, оқудан шығарылып жатқаны жаныма батуда", 
"Мөлдір уайымдама! Алла қаласа бәрі жақсы болады. Біздің қазақ бар болса көре алмайды, жоқ болса бере алмайтын қазақ. Алла сабыр берсін", "Киын болды!Дегенмен, барлығына ата ана жауапты болу керек! Істің ақ қарасы анықталып, барлығын жауапқа тарту керек! Ақты ақ, қараны қара деу керек", – деп жазды өзге оқырмандар.

Айта кетсек, бұған дейін заңгер Абзал Құспан Қабатовтың қызының орнына басқа біреу ҰБТ тапсырғанын айтқан болатын. Бұған байланысты қазақстандықтардың оқушының “Алтын белгіні” әділ жолмен иеленгеніне тексеру жүргізуді талап етті. Оқиға жайлы әзілкештің өзі де пікір білдірді. Ал Нұр-Сұлтан білім басқармасы Тұрсынбек Қабатовтың қызын жақтап шыққан еді. Басқарма оқушы Аманғали А.Т. мектептерде оқу кезінде жоғары нәтиже көрсеткенін және шынымен де жылдық қорытынды бағалау нәтижелері бойынша “Алтын белгі” иегері екенін хабарлады.




Көрілген: 1390    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.08.2021, 10:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31