Өркениет

"Славян базарының" жеңімпазы қазақстандық ару байқауға қатысу үшін 23 килограм салмақ тастаған

  • "Славян базарының" жеңімпазы қазақстандық ару байқауға қатысу үшін 23 килограм салмақ тастаған

"Витебскідегі Славян базары" халықаралық өнер фестивалінің гран-приін жеңіп алған жерлесіміз Рухия Байдукенова байқауға қатысу үшін 23 келі салмақ тастағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Онлайн брифинг барысында 22 жастағы қазақстандық бойжеткен бала кезінен "Славян базарын" көріп, қатысуды армандағанын жасырмай айтты.

 
"Бала күнімнен анама айтатынмын: "мен бұл байқауға қатысып, жеңімпаз боламын. Еліміздің атынан жеңіске жеткен алғашқы қыз боламын” дейтінмін. Байқауға қатысу үшін мен моральдық жағынан да, физикалық жағынан да дайындалдым. Мен 23 кг артық салмақтан  арықтадым", - дейді Рухия.

Алдағы шығармашылық жоспарлары туралы сұраққа жауап бере отырып, Рухия авторлық тректер мен клиптер шығаруды, тоқтап қалмай, тек алға жылжу үшін теледидарлық әлемдік конкурстарды іздеуді жоспарлағанын айтты.

Сондай-ақ, Қазақстандық халықаралық продюсерлермен ынтымақтастық туралы ұсыныстарды қарастыруға және өз мансабын Қазақстаннан тыс жерлерде дамытуға дайын екенін жеткізді. 

Еске салсақ, Қазақстандық ару "Славян базары – 2021" байқауында Гран-при иегері атанды, ал Димаш Құдайберген үлкен қошеметке ие болды. 




Көрілген: 1329    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.07.2021, 18:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30