Өркениет

"Солай шешілді": Тәуекел Мүсілімнің дүбірлі тойы болмайды

  • "Солай шешілді": Тәуекел Мүсілімнің дүбірлі тойы болмайды

Тәуекел Мүсілімнің көптен күткен дүбірлі тойы болмайды. Бұл жайында актердың өзі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Былтыр қолына ақ құсын қондырған Тәуекел Мүсілім 2020 жылы дүбірлі той жасайтынын айтқан еді. Тіпті маусым айында қуанышты сәттің күні мен мекен-жайын белгілеп, инстаграмға ресми пост жүктеген еді.

"Құрметті достар! Біз той күнін белгіледік. Мерекелік шара 2020 жылдың 30 шілдесінде Алматы қаласындағы ең үздік мейрамханада өтетін болады. Қазіргі таңда қызу дайындық жүріп жатыр" , - деп жазған Мүсілім.

Осыдан бір жарым ай бұрын әлеуметтік желіге салған дәл осы постын актер өшіріп үлгерген. Еліміздегі күшейтілген карантин ережелерін ескерсек керек, Тәуекел мен Махаббаттың тойы өтпейтін болыпты. Бұл жайында күйеу жігіттің өзі растады.

"Жоқ, той болмайды! Солай шешілді. Бұдан басқа пікір білдіре алмаймын" , - деп қысқа қайырды Тәуекел.

Алғашқыда актердың тойын ұйымдастыру жұмысы продюсер Жан Мұқановтың командасына жүктелген.Тәуекелдің қуанышы жеті бөлімнен тұратынын да жазған. Алайда, аталған ұжым тойдың болмайтынын айтты.

"Қайырлы күн! Тойды өткізбейтін болдық" , - деді Zhan Alemi Group командасының өкілі.

Айта кетейік, Тәуекел өзінің өмірлік серігін түсірілімдердің бірінде жолықтырған. Актердың келіншегі Махаббат Қостанай өңірінің тумасы. 24 жастағы ару Қарағанды медицина университетінде білім алуда. Сондай-ақ, модель ретінде жұмыс істеген әрі 2017 жылы "I Vice-miss Karaganda" титулын иеленген.
 




Көрілген: 1074    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.07.2020, 23:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Тамыз, 12:41
    Тіл туралы 7 өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30