Өркениет

«Сөмкемді тасиды!» Димаштың жеке визажисы әншінің сахнадан тыс өмірін баяндады

  • «Сөмкемді тасиды!» Димаштың жеке визажисы әншінің сахнадан тыс өмірін баяндады

    «Сөмкемді тасиды!» Димаштың жеке визажисы әншінің сахнадан тыс өмірін баяндады

Димаштың жеке бет әрлеушісі атанған Санди Бексырға әйгілі әншінің жұртқа беймәлім сырын ашты, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.
Бүгінде «Арнау» атты турнесімен әлемді шарлаған Димаш, аталмыш әнсапардың аясында өз командасын жерлестерімен жасақтауды жөн көрген. Мәселен, Санди Бексырға таяуда Құдайбергеннің жеке бет әрлеушісі ретінде таңдалыпты. Бұған дейін әйгілі C.C.Catch-тің визажисі қызметін атқарған қазақ қызы отандасының тосын ұсынысына дән риза.

«Қазақстанда талантты адамдар көп қой. Бірақ әлемдік деңгейге көтерілгендер аз. Немістік C.C.Catch-пен жұмыс істеймін . Сол кісілер дастарханда отырғанымызда Димашты танып, ол жайлы айтып отырған кезде марқайып, риза болып қаламын. Ішімнен қатты қуанып отырамын. Керемет деңгейдегі мұндай бала әлі туылмады деп ойлаймын», – дейді Санди Бексырға.

Сандидің сөзінше, атағы жер жарып тұрса да Димаш қарапайымдылықтан танбаған. Жұрт алдындағы жұлдыздың сахна сыртындағы шынайы бейнесі Бексырғаны тәнті етіпті.

«Әлі сондай, Димаш өзгермеген. Баяғы қарапайым қалпы. Димаш, «тамақ іштіңдер ме?» деп біздің халімізді сұрап тұрады, тіпті сөмкелерімізді көтеріспек болады. «Көтермей-ақ қойшы, өзіміз жүре береміз» – деп мен қарсылық танытамын. Бұл оның тәрбиесі деп ойлаймын. Адам өзгермеу керек», –дейді Димаштың жеке бет әрлеушісі.

Сондай-ақ жерлестердің өзара әзілі де жарасқан. Турне барысында қолдары қалт етсе қалжыңдасуға құмар.

«Біздің ортақ әзіл-қалжыңдарымыз бар. Десе де ол менің бастығым , әрине, арамызда субардинация бар. Cөйлейтін жерде сөйлейсің. Ақыл айтатын жерде ақыл да айтасын» – дейді визажист Санди Бексырға.

Иә, Санди үшін Димаштың сахналық образының сапасы маңызды. Сондықтан болар, әншінің әдемдік трендтен қалыспауын қалайды.

«Мен бастығымнан психолог ретінде сұрап отырамын: « Димаш, бүгін шашың қандай болсын, бізге айтып жіберсең», «Шашыңның алдын қалай істейміз?». Өйткені, бас – менікі емес қой, бас – Димаштікі, шаш -Димаштікі. Қанша жерден керемет стилист болсаңда, сол адамнан не керектігін сұрау керексің. Бәрібір өзің жасасаң да, сұрап, анықтап алуың шарт», – дейді Димаштың жеке бет әрлеушісі.

19 ақпанда басталған «Арнау» турнесі 4 сәуірде өз мәресіне жетпек. Бұған дейін Краснодар, Казань, Екатеринбург қалаларында өткен Димаштың ән кеші әлемнің өзге сахналарында да жалғасын таппақ.

«Келесі тур Рига, Мәскеу, Киев, одан кейін Еуропаға шығамыз», – деді Санди. 




Көрілген: 2353    Пікірлер: 0

сенбі, 29.02.2020, 17:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30