Өркениет

«Сотқа берем»: Ақбота Керімбекованың намысына кімдер тиіп жүр?

  • «Сотқа берем»: Ақбота Керімбекованың намысына кімдер тиіп жүр?

    «Сотқа берем»: Ақбота Керімбекованың намысына кімдер тиіп жүр?

 Әнші бұдан-былай өзіне тіл тигізгендерді аямайтынын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы revuenews бағдарламасына сілтеме жасап.

«Бүгіннен бастап, кімде-кім мейлі ТВ, мейлі әлеуметтік желі арқылы болсын, маған ауыр сөз айтып, жала жауып, намысыма тиетін болса, сотқа берем.» Бұл ашулы Ақбота Керімбековның күні кеше жасаған мәлімдемесі.

«Бірақ енді бәрі басқаша болады»,- деген Ақбота Керімбекова өзіне тіл тигізген жандардың мәселесін майшаммен қарауға ниетті. Тіпті ол үшін өнер иесі сотқа дейін баруға да дайын. Даудың басы өнер иесінің әлеуметтік желідегі ұтысынан басталды. Содан кейін Керімбекованы айыптап, жағымсыз жазба қалдыратындардың пікірі көбейген.

Ақбота сынды, БАҚ өкілдеріне, оның ішінде журналист Бибігүл Дәулетбекқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шараповты «шамына тиді» деп сот алдына апарған Ләйләның дауы әлі де ел аузында. Еске салсақ, Сұлтанқызы мен Шараповтың сот отырысы әзілкештің пайдасына шешілген болатын.

"Кездескенде де бір қызықты жағдайда, самолетте кездесіп қалдық. Бизнес-класста жақын жерде отырып қалдық бір кездері. Вот сол кезде просто амандастық, ол кісі амандасқан жоқ менімен", - деді әзілкеш Нұрболхан Шарапов.

Ал, Дәулетбекқызымен дау ары қарай өз хейтерлерімен жалғасып кетті.

Хейтерлерді орнына қою үшін сотқа жүгінуді жөн санайтындардың бірі - Дильназ Ахмадиева. Әншінің ұлтына тиіскен оқырман үстінен қылмыстық іс қозғалған-ды. Кейіннен желі бұзақысы кешірім сұрап, өз қылығына өкінетінін мойындады.

Құқығын жерге таптатпайтындар қатарында Баян Алагөзова да бар. Оқырмандарының есіргенін құп көрмейтін азулы продюсер, тіпті танымалдардың басын жиып, хейтерлерге тойтарыс беруге дайын екендігін мәлімдеген еді. Алайда «қажет болса бірнеше адвокат жалдаймын», - деген Мақсатқызы әлі сот көмегіне жүгіне қоймады.

Skifnews.kz




Көрілген: 753    Пікірлер: 0

жұма, 12.06.2020, 22:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31