Өркениет

Судья Гауһар Әлімбекованы неге ақтағанын түсіндірді

  • Судья Гауһар Әлімбекованы неге ақтағанын түсіндірді

    Судья Гауһар Әлімбекованы неге ақтағанын түсіндірді

Алматы қалалық соттың төрағасы Нұрғазы Әбдіханов танымал әнші, композитор Гауһар Әлімбекованы неге ақтағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін Әлімбекова алаяқтық үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал бүгін апелляциялық сот үкімі бойынша әнші ақталып шықты.

Сот отырысының соңында судья Әбдіханов неге мұндай үкім шығарғанын айтты. "Біріншіден, айыптау үкімін болжамдарға негіздеп жасауға болмайды. Сот талқылау барысында нақты дәлелдемелердің жиынтығын негізге алуы қажет. Бірінші сотта да, апелляциялық сотта да біз мұндай дәлелдемелер таппадық. Екіншіден, сот алқасының отырысында Әлімбекова сотталушы Ордабаевамен бірге топ болып алдын ала сөз байланыспағаны, жәбірленуші Назарованың ақшасын әдейі жымқырмағаны анықталды. Керісінше, сот отырысында анықталғандай, Әлімбекованың өзі де Ордабаевадан алданып, пәтер алу үшін қаражат берген. Сөйтіп, ақшасынан және үш бірдей пәтерінен айырылған, - деді судья Нұрғазы Әбдіханов. Сот үкімінен кейін Гауһар Әлімбекова өз әсерімен бөлісіп, халық жинаған қаражат жайлы пікірін айтқан болатын. Ол халықтан ақша алмайтынын, жиналған қаражаттың бәрін кері қайтаратынын мәлім еткен.  




Көрілген: 938    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.04.2019, 16:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31