Өркениет

Сұлулық байқауында жеңіске жеткен әйелден дәл сахнада тәжін шешіп алды (видео)

  • Кадр: Colombo Gazette

    Кадр: Colombo Gazette

"Миссис Шри-Ланка" сұлулық байқауында жеңіске жеткен әйел дәл сахна үстінде тәжінен айырылып қалды. Тәжді одан мәжбүрлі түрде шешіп алып, екінші орынды иеленген жанға кигізген деп хабарлайды BBC-ге сілтеме жасаған "УНИАН" агенттігі.

 

Тікелей эфирде қазылар алқасы "Миссис Шри-Ланка" жеңімпазының есімін жариялады. Олар Пушпика да Силва есімді әйелді ең сұлу деп танып, оған бірінші орынды берген.

 

Алайда Пушпикаға тәжді кигізіп жатқан сәтте, байқаудың 2019 жылғы жеңімпазы Каролин Жюри микрофонды алып, Пушпика да Силва ажырасқанын, ал ажырасқан әйелдерге ережеге сәйкес байқауға қатысуға тыйым салынғанын мәлімдейді.

 

"Тәж екінші орынды иеленген қатысушыға тиесілі", - деген ол жеңімпаздан тәжді мәжбүрлі түрде шешіп, өзге қатысушыға кигізеді.

 

Пушпика сахнадан дереу кетіп қалады. Көп ұзамай ол тәжін шешіп алып жатқан сәтте басын жарақаттап алғанын айтып, шағымданған.

 

Пушпика енді Каролин Жюриді сотқа бермек.

 

Пушпиканың айтуынша, ол ажыраспаған тек күйеуінен бөлек тұрады.

 

Байқауды ұйымдастырушылар болса, өз кезегінде Пушпикадан кешірім сұрап, тәжді оған қайтаруға уәде берді.

 

Ал Каролин Жюридің сахнадағы әрекетіне байланысты тергеу жүргізілмек.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 882    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 18:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30