Өркениет

Сүйіктісінің қымбат көлігін көрсеткен Анна Данченко талқыға түсті

  • https://qazaquni.kz/

    https://qazaquni.kz/

Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко желіде сүйіктісінің көлігін көрсетемін деп ел арасында қызу талқы тудырды. Желідегілер оның бұл әрекетіне қатысты екі түрлі пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Анна Данченко Instagram парақшасында "Mercedes Gelandewagen" маркалы көліктің қасында тұрған суретін жариялап, өзінің қай уақыттан бері авто жүргізетінін айтып берді.

 

Алайда, ақпарат өкілі бірден фотодағы қымбат темір тұлпардың өзінікі емес екенін айтты. Белгілі болғандай, неміс автокөлігі журналистің сүйіктісіне тиесілі.

 

"Менің алғашқы автокөлігім ақ түсті ВАЗ 2107 болған. Механика. &ldquoАвтошкола&rdquo- да оқыған кезде үш ай бойы теория мен практиканы өтетінбіз. Кешке - дәріс, таңертең - көлікті жүргізу. &ldquoАвтомат емес, механика жүргіземін&rdquo дегенде ағайым таң қалатын, ал маған, керісінше қатты ұнайтын еді.

Бір күні Ақтөбедегі әуежайға баратын болдық. &ldquoАйналымда кім кімге жол береді&rdquo дегендей. Бардық. Жақсы айдап келе жатсам, жанымнан ырылдап камаз өтті. Қатты қорқып, тормозға басып қалып едім. Ағайым баспен соқты. Әрі қарай ол кісі не дегенін айтпай-ақ қояйын.

Ештеңе етпес, одан да өттік. Қазір, шүкір, 14 жыл стаж бар.

Ал, Сіздерге Қандай маркалы темір тұлпарлар ұнайды?

Мен мемлекеттік нөмерімді айтпай-ақ қояйын, бірақ ақша жинап "ANN" әріптерін сатып алдым.

Суреттегі көлік менікі емес. Ер азаматымның көлігі. Менікі басқа" , - деп жазды Анна Данченко.

 

Желі қолданушылары бірден тележүргізушінің бұл фотосын қызу талқыға салып тастады. Бірі оған тәнті болса, енді бірі оны сүйіктісінің қымбат көлігімен мақтанды деп сынға алды.

 




Көрілген: 5687    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.01.2021, 16:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31