Өркениет

"Сыртымнан шеше беретін болған ба": Бесбаев өзін Тоқаевтың штабына рұқсатсыз кіргізгендерге ашуланды

  • "Сыртымнан шеше беретін болған ба": Бесбаев өзін Тоқаевтың штабына рұқсатсыз кіргізгендерге ашуланды

Бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде Мейрамбек Бесбаев еліміздегі саяси ахуалға байланысты Мемлекет басшысы қызметін атқарушы Тоқаевтың штабында бар деген жазба жарияланған. Мұны көрген өнер иесі ашуға булығып, әлеуметтік желідегі парақшасында бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.


«Мен ешкімнің штабына келісім берген емеспін. Сыртымнан шеше беретін болған ба? Мен өз таңдауымды сайлау кезінде жасауға құқылымын! P.s НұрКз алдымен біліп алып жазсаңдаршы!» - деп жазды әнші.


Мейрамбек Бесбаев жазбамен бөліскеннен кейін көп ұзамай оны алып тастаған. Желі қолданушылары өнер иесінің бұл әрекетін түсінбегенін жарыса жазды.


«Алдыңғы постыны неге өшірдіңіз?», «Аға Тоқаевтың штабында емес, Қосановтың штабына келіңіз! Ринат ағамызбен бірге», «Нұр отан бүкіл әншілер мен спортшыларды жұдырығында ұстап отыр», - десті. 




Көрілген: 6789    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.05.2019, 12:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31