Өркениет

Тағы бір өнер жұлдызы шомылатын киіммен түскен суретін жариялап, желіні шулатты

  • Фото: Instagram/dinarasatzhan

    Фото: Instagram/dinarasatzhan

39 жастағы қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан желіде купальникпен түскен фотосын жариялап, оқырмандарынан оңбай сөз естіді. Желі қолданушылары оның бұл қылығын екі баланың анасына сай емес екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Динара Сәтжан өзінің Instagram парақшасында бұзақылық жасауға санаулы уақыты қалғанын айтып әзілдеді.

 

 "Бір жылдан кейін маған "40 жасқа қош келдің" деп айтады. Сол себепті, бұзақылық жасауға тура бір жылым бар екен", - деп жазды тележүргізуші.

 

 

Ерекше ақ түсті купальникпен кемеде отырған Динара Сәтжанның суреті ел арасында бірден қызу талқыға түсті.

 

Желі қолданушыларының бір легі дизайнердің образын тым ашық санап, оны аяусыз сөгіп тастады.

 

"Өте ұят жағдай! Балаларға қандай тәлім-тәрбие беріп жатырсыз? Бұл суреттеріңізге қарайтын әкеңіз бен бауырларыңыз бар деп ойлаймын", "Бар дене сымбатыңызды ел назарына ұсынудың қажеті не? Бұл нәрсе барынша жабық болу керек екенін жақсы білесіз ғой", "Ұят жоқ. Бәрі барған сайын шешініп барады", - деп жазды оқырмандар.

 

Алайда, пікір білдірушілер арасында Динараның мінсіз мүсініне тәнті болғандар да табылды.

 

"Әркез жас Динара", "Қандай керемет едіңіз. Өзіңіз де, дене сымбатыңыз да жасыңызға сай емес", "Осындай жаста өзін керемет формада ұстай білу ерлік. Мақтан тұтамын сізді", "Үлгі болар тұлға. Бұл фотоларда ешқандай ерсілік көріп тұрғаным жоқ", - деді көпшілік.

 

 

 

 

 




Көрілген: 2022    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.06.2021, 19:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31