Өркениет

"Такси жүргізушісі зорламақ болды": Фариза Ескермес басынан өткен оқиғаны баяндап берді

  • https://servek.ru/

    https://servek.ru/

Отандық танымал актриса әрі әнші Фариза Ескермес басынан өткен аса ауыр оқиға жайлы жан сырын ақтарды. Өнер иесін 18 жасында такси жүргізушісі зорламақ болған. Алайда, бойжеткен оған пасық пиғылын асыруға мүмкіндік бермей, құтылып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Фариза Ескермес өміріндегі аса қорқынышты күндерінің бірі туралы "Парацци" бағдарламасында айтып берді.

 

"Жүргізуші мені алып кетті. Ол кезде үйге бара жатқанмын. Жол ортасынан бір қуысқа қарай тоқтайды. Дала қараңғы болып кеткен. Бір қарап қалсам, жүргізуші шешініп тастаған. Мені ұстап алып, қауіпсіздік белбеуімен тартып қойды. Қатты шошып кеттім. Ешқашан ер адамды жалаңаш күйде көрмегенмін. Ол ескі көлік еді. Терезесі тұтқаны айналдырғанда ашылатын. Сол бірден терезені ашып, қатты айқайладым. Көмекке шақырдым.

Мені ешкім естімейтін шығар деп ойладым. Бірақ, адамдар мені естіді. Маған қарай алыстан жүгіріп келе жатты. Жүргізуші шошып кетті де, мені теуіп көліктен лақытып жіберді. Мен құлап түскен соң, жерден тұра алмай жаттым. Сол кезде ол қашып үлгерді. Адамдар жүгіріп келгенде де ешқайсымыз нөмірін көріп үлгермедік. Бірақ, ол адамның түрі әлі есімде. Жас жігіт, қазақтың жігіті. Сол кезде терезені ашып, айқайлағаным үшін өз-өзіме әлі күнге дейін рахмет айтамын", - деді әнші.

 

 

Өнер иесі бұл жағдайдың орын алғанын ешкімге айтпай, арнайы мамандардың да көмегіне жүгінбегенін айтты. Актрисаның сөзінше, бұл оқиғаны жіберу үшін оған уақыт керек болған. Ол екі-үш ай бойы үйден шықпай, күйзеліске түскенін жеткізді.

 

 

 

 




Көрілген: 1639    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.05.2021, 18:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31