Өркениет

Талдырмаш мүсінді арумен билеген Дастан Оразбеков қызу талқыға түсті (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Желіде Дастан Оразбеков пен мінсіз мүсінді бикештің бір-біріне жабыса билеп жатқан видеосы тарап, елдің қызу талқысына қалды. Желідегілер отбасылы азаматтың бұл әрекетін түсіне алмай, оны сынап тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Дастан Оразбеков пен бойжеткеннің билеген сәтінен үзінді Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

 

Онда өнер иесінің бейтаныс арумен бачата билеп жатқанын көруге болады.

 

Желі қолданушылары белгілі актердің қасындағы сылқымның кім екенін біліп алды. Ол "Қазақ Аруы-2017" атанған Гүлжанат Жұмажанова болып шықты.

 

Бойжеткен бүгінде бимен айналысып жүр. Дастан Оразбеков болса, кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін бачата үйренуге мәжбүр болып, оның көмегіне жүгінсе керек.

 

Алайда, оған қарамастан желі қолданушылары отбасылы актерді бұл қылығы үшін сынап тастаған. Олар өнер иесінің жарына сабырлық тілеп, шоу-бизнес саласындағы ер адамдар туралы бар пікірін ортаға салды.

 

"Әйеліне төзім мен сабыр берсін. Мен шыдамас едім" , "Осындай видеолар көрсем, әйелі қалай қызғанбайды деп қалам" , "Мен жолдасым көшеде қыздарға қарап қалса қызғанамын. Ал мына кісінікі енді тіптен" , "Өнер болса да ерсі көрінеді" , "Сөзім жоқ, жарына сабыр" , "Бәленің бәрі осыдан басталады ғой. Тек бұл кісінің отбасы бұзылмаса екен деймін. Өте ұнайды жары екеуі" , "Әйеліне жаным ашып тұр. Қызғаныштан өзегі өртеніп жатқан болар" , "Дастан арақашықтықты сақтап билесеңші" , - деп жазды олар.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/tv/CFSdclvlA_v/




Көрілген: 5999    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 14:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31