Тамара Асар қызын қырқынан шығарып, дүркіретіп той жасады

11 қазан 2021, 13:13

Жақында ғана ана атанған Тамара Асар қызын қырқынан шығарып, дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші тойда салт-дәстүрге сай барлық ғұрыптарды орындады. Қызын 40 қасық суға шомылдырып, қонақтарға "тыштырма" таратты. Сәбиді елдің алдында бесікке салды.

 
Тойға Мақпал Жүнісовадан бастап, Жеңіс Ысқақова, Қарақат Әбілдина, Маржан Арапбаева, Гүлнұр Оразымбетова, Гүлзира Айдарбекова, Динара Сәтжан, Ғаділбек Жаңай сынды танымал тұлғалар қатысты. 

Мақпал Жүнісова той үстінде: "Жақсылықтың ерте-кеші жоқ, бүкіл қиыншылықты артта қалдырып, аппақ Ажарлы қызды дүниеге әкелгеніңе Аллаға мың шүкір. Осы қыздың қызығы бітпесін", - деп тілегін білдірді. 

Айта кетейік, өткен демалыста Гүлзира Айдарбекова да күйеуі Нұртас Айдарбековтің туған күніне орай той жасады.