Өркениет

Таңертең оянсам, 90 адам қоңырау шалыпты: Иманбек ресейлік шоудың қонағы болды

  • Таңертең оянсам, 90 адам қоңырау шалыпты: Иманбек ресейлік шоудың қонағы болды

    Таңертең оянсам, 90 адам қоңырау шалыпты: Иманбек ресейлік шоудың қонағы болды

Грэмми иегері Иманбек Зейкенов ресейлік «Вечерний Ургант» шоуының қонағы болды. Музыкант жеңістен кейінгі эмоциялар туралы, сондай-ақ өзінің шығармашылық жоспарлары туралы айтты.

Иманбек Ургантқа туған қаласы туралы да айтып берді. Ол Ақсу қаласында орналасқан ең ірі зауыт туралы айтып, тағы бір танымал қазақстандық әнші туралы қызықты фактіні айтты.

 
«Скриптонит Ленинскийде тұрған кезде біздің арамызды15 минуттық қана жол бөліп тұрған», - деді Иманбек.

Сондай-ақ, Грэмми жеңімпазы өзін жеңімпаз еткен ремиксті жазуға 2,5 сағаттан артық уақыт жұмсамағаны туралы ақпаратты растады.

Иманбек Ургантқа жеңістен кейін өзі ремикс жазған әнші SAINt JHN құттықтағанын айтты.

«Ол маған тікелей Инастаграммада жазды, ол мені мақтады», - деп мойындады Иманбек.

Иманбек Грэммиді алғаннан кейін бірден ұйқыға жатқанын айтады.

«Грэмми алғаннан кейін мен ұйықтап қалдым. Қазақстандықтар бұл жайлы таңертең білді. Мен оянғанда 90-ға жуық қоңырау түсіпті. Олардың арасында, мүмкін, республиканың президенті болды. Таңертең мен инстаграм парақшасын оқыдым. Президенттің мені құттықтағаны мені қатты таңғалдырды», - деп түсіндірді автор.

Еске сала кетсек, тек Қазақстан емес ТМД яғни бұрынғы КСРО елдері ішінде алғаш рет біздің жерлесіміз Иманбек Зейкенов музыка саласындағы ең беделді Grammy сыйлығын ұтып алды. 

stan.kz




Көрілген: 947    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.03.2021, 08:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31