Өркениет

Таңға дейін бір нүктеге қарап отырыппын: Нұрболхан Шарапов есірткі шеккенін мойындады

  • Таңға дейін бір нүктеге қарап отырыппын: Нұрболхан Шарапов есірткі шеккенін мойындады

    Таңға дейін бір нүктеге қарап отырыппын: Нұрболхан Шарапов есірткі шеккенін мойындады

Нұрболхан Шарапов оқушы күнінен бастап ішімдік іше бастағанын, тіпті шөп шегіп көргенін мойындады. Бір рет көрген ащы дәмнен мүлдем тыйылғанын айтты. Мұны өзінің балалығына балайды.

Бұл туралы Талқылайық бағдарламасында айтылды.
Нұрболхан Шарапов – Тараз өңірінің тумасы. Оқушы күнінен бастап ішімдік іше бастағанымен, қазір ащы суға мүлде жоламайды. Бұл өткен күндердің естелігі деп күле еске алады. 

“Мен 9-сынып оқып жүргенде ішімдік іше бастадым. 2009-2010 жылдар. Сол кештерде балалармен жүріп “шөп шегу” дегенді қызық көрдік. Өмірімде бір рет қана шөп шегіп көрдім. Елдер сонымен шабыт шақырады деп жатады. Оған сенбеймін. Балалар дәмін көр деп қолқалаған соң көрдім. Қарным аша бастады. Тоймай, тамақ жей бердім. Балалардың бәрі ұйықтап қалса да, мен тамақ жеп отырмын. Бір уақытта телефонның дыбысы шықты. Алып қарасам, қуаты таусылыпты. Оны алып қуаттағышқа қойдым. Қойдым да, қуаты толғанша соған қарап отырдым. Ол толғанда басқа балалардың телефонын қуаттап, солай қарап отырып толтырдым. Таң атқанша сөйтіп бәрінің телефонын қуаттап бергенмін. Миым істемей қалған ғой. Бір нүктеге қадалып отыра бергенмін. Содан кейін сол нәрсеге жоламадым. Ол бірінші және соңғы рет болды”, – дейді әзілкеш. 

Әдетте Жайдарманда әзіл ретінде қолданатын “шөпті” жайдарманшы өмірінде өзі де қолданғаны белгілі болды. Ал өмірде Құдайдан, мезгілсіз өлімнен, жыланнан, қараңғыдан қорқамын дейді ол. 

“Кейде ұшақта отырып қорқып кетемін. Мезгілсіз өлімнен қорқамын. Сосын бәрі Алланың қалауымен деп өзімді сабырға шақырамын. Жыланды көргім келмейді. Қараңғыдан да қорқатыным бар”, – дейді Нұрболхан. 

Әзілкеш тойға 500 мың теңгеге шығады. Мұны елден жасырмайды. Той мені кедейліктен құтқарды деп ашығын айтады. Алайда тойға шыққан сайын адам тоза бастайды деген пікірде. 

“Тойға шыққан адам таза “халтурщикке” айналады. Той адамды тоздырады. Той маған ақша табудың көзін тауып берді. Ал Жайдарман маған телевидениеге жол ашып берді. Мен Жайдарманға да ақша үшін барған адаммын. Жүрекке жақын қабылдаған емеспін. Кей әзілкештер сахнада орын беріп жатса, жылап жатады ғой. Мен ондай жүрекке қабылдайтындай  шын жүрегіммен қабылдаған жоқпын. Маған көзге көріну керек болды.  Елдің тануы керек болды. Елдің ықыласы керек болды. Мен бір де бір рет чемпион болған емеспін. Маған ол керек те емес. Бастысы, халық жақсы көрсе болды”, – деді әзілкеш. 

Нұрболхан Шарапов кезінде бірнеше жігіттің Есен Елеукеннен кетіп, Тұрсынбек Қабатовқа қолдау көрсеткенін айтып қалды. 

“Мен Есен ағадан рұқсат сұраған жоқпын. Себебі менің жеке командам болған жоқ. Мен еркін жүрген әзілкеш едім. Есен ағадан кешірім сұрағанмын. Сондықтан Тұрсынбек шақырғанда бірден бардым. Кей жігіттер Есен ағадан рұқсат алып барды. Маған ол кісі ренжи де алмайды. Мен тәуелсіз ойыншымын”, – деді жайдарманшы.




Көрілген: 910    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.11.2021, 18:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31