Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Таңғалдырған түркiлер

02 маусым 2011, 18:01

«Түрiк мемлекетiнiң құрылуы бүкiл адамзат тарихында белгiлi дәрежеде бетбұрыс кезең болды... Түркiлердiң қоғамдық өмiрi мен әлеуметтiк институттарының күрделi түрлерi қайран қалдырады: ел, меншiктiң сатылық жүйесi, шендер иерархиясы, әскери тәртiп, елшiлiк дәстүрi, көршi отырған елдердiң идеологиялық жүйелерiне қарсы қоятын, мұқият әзiрленген дүниетанымның болғандығы таңғалдырады»
Лев ГУМИЛЕВ
Әйгiлi тарихшы, шығыстанушы, түрколог Лев Гумилев  – (1912–1992)  орыстың талантты ақындары Николай Гумилев пен Анна Ахматованың ұлы. Ленинград университетiнде оқып жүрген кезiнен бастап түркiлердiң тарихын зерттеумен айналысқан. 1961 жылы «Көне түркiлер» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 1949 жылдың күзiнде Кеңес идеологиясына қарама-қайшы келетiн тұжырымдары үшiн қуғынға ұшырап, 10 жылға сотталған. Жазасының алғашқы бөлiгiн Қарағанды маңындағы  Шерубай- Нұра жерiндегi қатаң тәртiптегi арнайы лагерьде өтеген.
Бүгiнде елордамыз Астанадағы Еуразиялық Ұлттық университетке түркiлер тарихын зерттеуге қомақты үлес қосқан ғалым Лев Гумилевтiң аты берiлген.