Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Танымал "5:32" сериалын шығарушылар плагиат туралы айыпқа жауап берді

03 тамыз 2022, 11:20

Танымал “5:32” веб-сериалын шығарушылар "Протоколдан тыс. Қазақстандағы атышулы қылмыстар құпиясы" кітабының авторы Асқар Жалдинововтің мәлімдемесіне қатысты жауап берді. Жалдиновтың сөзінше, Salem Social Media сериалда оның рұқсатынсыз сюжеттерді пайдаланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Salem Social Media компаниясының өкілдері әлеуметтік желіде ешқандай сотқа дейінгі арыз алмағанын мәлімдеді. 

"Достар, 5:32 веб-сериалының көрермендері, өткен тәулікте біз БАҚ беттерінен "Salem" командасы мен веб-сериалды түсіргендерді плагиат жасады деп айыптаған бірнеше жазбаны көрдік. Алайда Salem Social Media мен Әлішер Утев қазіргі уақытта ешқандай сотқа дейінгі шағым алған жоқ, Асқар Жалдиновтің интеллектуалды меншік құқығы бұзылған жоқ. Себебі сериал секілді кітап та елдің қылмыстық тарихындағы фактілер мен оқиғалардан тұрады. Оқиғалар мен фактілер жайлы хабарлама авторлық құқықпен қорғалмайды. Оқиға мен фактілердің шығармашылық интерпретациясын кез келген тұлға жасай алады", – деп жазды олар. 

Сонымен қатар сериалды шығарғандар Асқар Жалдиновті екінші кітабын көпшілікке таныстыру үшін "5:32" сериалындағы үзінділерді қолдану арқылы авторлық құқықты бұзды деп айыптады. Сондай-ақ компания өкілдерінің пікірінше, ұрлық туралы айып команда жұмысы мен компанияның іскерлік абыройына кері әсерін тигізеді.

Компания алдағы уақытта өзінің іскерлік атақ-абыройы мен интеллектуалды меншік құқығын қорғамақшы.