Өркениет

Танымал әншілер қаламақы талап етіп, шу шығарды

  • Видеодан кадр/31 арна

    Видеодан кадр/31 арна

Қазақстанның бірнеше халық әртісі мен танымал әншілер неше жылғы қаламақыларын даулап, Алматыда жиналыс жасады. Өнер адамдары 10 жыл бұрын құрылған зияткерлік меншік құқығын қорғайтын бірлестікті айыптап, басшысын алып тастауға тас түйін дайындықпен келген. Алайда бірлестік басшысы жиынға келмеді. Ал ашулы әншілер өздеріне жаңа басшы сайлап алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы 31 арнаға сілтеме жасап.

Әншілердің айтуынша, олар 10 жыл бойы жарытып қаламақы алмаған. Өнер иелері бірлестіктің бағынбай кеткенін, тіпті ұйым басшысын танымайтындарын білдірді.

"Әр үш ай сайын біресе 10 мың түседі, біресе 17 мың түседі. Ең көбі 30 мың түсті", - деді әнші Өмірқұл Айниязов.
Ал Жеңіс Ысқақова болса, жиында өнер иелері тоғыз жылда Қазақстан орындаушылар одағынан түспеген тиындарын айтқанын, түскен жағдайда "адам ұялатындай" қаржы берілгенін жасырмады.

Отырыс барысында қоғамдық бірлестіктің кабельдік операторлардың бірімен соттасып, қарыз болып қалғаны да айтылды.

"Директор осы қиындықтың басында тұр. Директорға да бұл жағдай оңай емес. Ол да уайымдайды. Сот шешімін орындау керек. Ол бұл жиынға шақырылмады", - деді бірлестіктің заңгері Игорь Каримов.

Ал әншілер болса сырттай директорды орнынан алып тастап, Мейрамбек Бесбаевты басшылыққа сайлады.

"Музарт" тобының солисті болса мыңдаған мүшесі бар ұйымды басқаруға дайын екенін, әртістерден қолдау күтетінін жеткізді.

"Әншінің жағдайын әншіден басқа кім түседі. Мен жалғыз өзім бұны істеп кетемін деп айта алмаймын. Бүкіл әншілер маған көмектеседі. Әншілердің қандай тиісті ақшалары бар, соны алу керек. Қашанға жем боламыз", - деп ойын білдірді Бесбаев.

Ол ұйымның бұрынғы басшысын да заң алдында жауапқа тарту жайында ойластырып жатқанын да жасырмады.

 




Көрілген: 427    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 15:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29