Өркениет

Танымал айтыскер ақын Ринат Зайытовтың саяси көзқарасын қатаң сынға алды

  • https://www.oinet.kz/

    https://www.oinet.kz/

Танымал айтыскер ақын, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуов әріптесі Ринат Зайытовтың саяси сауаты мектептегі күзетшінің деңгейіне жетпейтінін айтты. Бұл туралы ол "Рейтинг" газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

 

Айтыскер ақын газет тілшісінің "Өзіңіздің өнердегі әріптестеріңіздің саясатқа белсене атсалысуын қалай түсінесіз? Мәселен, Ринат Зайытовтың сайлауалды және сайлаудан кейінгі видео үндеулері, оппозициялық әрекеттеріне қандай баға бересіз?" деген сауалына саясат - үлкен ойын екенін айтып, саясатқа араласқысы келетіндер әрбір сөзін зор сақтықпен айту керектігін хабарлады.

 

– Саясат деген – үлкен ойын. «Құдықтың түбіндегі бақаға аспан теңгедей болып көрінетіні» секілді біздің көзімізге көрінбей тұрған қаншама дүниелер бар. Біз өзіміздің шамалы сауатымызбен үлкен саясатқа баға бергіміз келеді. Өзгелердің ұстанымын, көзқарасын құрметтеу дегеннен жұрдаймыз. Тіпті саясат пен ақиқаттың не екенін білмейтін адамдар бос ұранмен аттандап, елді төңкеріп жіберердей әрекеттер жасайды.

 

Мысалы, кешегі сайлау кезінде өмірінде халықтың алдына шығып көрмеген кейбіреулер аяқ асты білгір боп шыға келді. Мемлекеттік кеңістік түгілі өмірінде шағын ауданды басқарып көрмеген Әміржан Қосановты түн ұйқысын төрт бөліп жүріп насихаттап, соңында «екі қолын мұрнына тығып қалған» жағдай болғаны рас. Сен қалай бұрын-соңды көрмеген, білмеген адамыңа соншалықты сенімді түрде «осы президент болса бәрін қарық қылады» деп айта аласың? Қосановты білмейтін адамдар «Ринат айтып жатыр ғой, шындықтың жолында жүрген қазақтың ақыны ғой, бір білгені бар шығар» деп халықтың көпшілігі еріп кетті. Ал соңында, «біз алдандық, халықпен бірге мен де алдандым» деп жұрттың алдында мүләйімси қалу – сауатты адамның сөзі емес. Бұл «Мен алдандым» жобасы емес. Екі баланың арасындағы ойын емес. Бұл ұлттың болашағына, 18 миллион халықтың тағдырына қатысты мәселе. Сен бұл жерде алданбауға тиіссің. Қоғамдық тұлғасың ба, өз идеяңды насихаттайсың ба, бүге-шүгесіне дейін есептеп, өлшеп-пішіп барып айтуға тиіссің. «Мен байқамай алданып қалдым, кешіріңіздер» деу саяси сауаты мектептегі күзетшінің деңгейіне жетпейтін адамдардың әңгімесі, - деді Біржан Байтуов.

 

Дегенмен, бұл оның Ринат Зайытов туралы 100 пайыз біржақты көзқарасы емес. Ол тек Ринаттың саяси көзқарасын ғана айыптайтынын айтты.

 

 

- Мен Ринат Зайытовтың осындай саяси көзқарасын айыптаймын. Бірақ азаматтығын, тұлғалығын, ақындығын, құрметтеймін. Әркімнің өз пікірі бар. Мен оның, ол менің пікірімде болуы шарт емес, - деп сөзін қорытындылады айтыскер ақын.  

 

oinet.kz




Көрілген: 3063    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.02.2020, 12:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31