Өркениет

Танымал блогерден ұтысын ала алмаған келіншек ашуға мінді

  • Фото: Елшін Жанеркенің Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы

    Фото: Елшін Жанеркенің Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы

Алматылық келіншек танымал блогердің ұтыс ойынына қатысып, жеңімпаз атанған. Алайда ол жүлдеге қойылған автокөлікті әлі күнге ала алмағанын айтады. Бұл жағдайға қатысты ұтыс ойынын ұйымдастырушы блогер Жанерке Елшін де өз пікірін білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Жанна Мәлікқызының айтуынша 2020 жылы желтоқсан айында Жанерке Елшін мен сіңлісі Ақмарал Елшін Instagram-да гив (ойын) ұйымдастырған. Басты сыйлыққа жеңіл автокөлік қойылған.

 

"Ұтысымды Елшін Жанерке мен Ақмаралдан және ойын ұйымдастырушыларынан ала алмай жүрмін. 13 желтоқсан күні мен гивке қатысып, бас жүлде 2014 жылғы Hyundai Accent көлігін жеңіп алған болатынмын. Сол түні қалай қуанғанымды білсеңіз ғой", - дейді ол өз парақшасында жариялаған видеосында.

 

Жанна бұл туралы көпшілікке жария етуінің себебін түсіндірді.

 

«Қарапайым халық естісін, білсін. Халықты алдауға болмайды, соны да білсін! Онымен қоймай, бізді "адвокатпын" деп неше түрлі нөмірден звондап сотқа беремін деп отыр!», - дейді Жанна Instagram-дағы парақшасында.⠀

 

Бұған қатысты танымал блогер Жанерке Елшін жауап берді.

 

"Ешкімнің алдында ақталмаймын. Менің кінәм - адам баласына сенгенім! Кешеден бері мән бермеп едім, халық түсінбей жатқан соң, бар оқиғаны еш бүкпесіз өз аузыммен баяндайын деп шештім. Менің қызметім айтқан уәдемде тұрып, демеушілерге оқырман жинап беру, ал ұйымдастырушы демеушілерді жинайды, ақшаның барлығы сол кісінің есепшотына түседі. Ол кісі ақшаны гонорарға, сыйлыққа, өзіне бөліп қояды. Ал мен осы уақытқа дейін сенімді болсын деп, бүкіл қызметті өзіме алғанмын. Сыйлықты да өзім аламын, өзім жіберемін, тікелей эфирлерде де өзім отырамын. Осы уақытқа дейін бұрыннан бері істеп жүрген сенімді ұйымдастырушылармен жұмыс істеп келдім.

 

Ал соңғы рет Ақмаралға (сіңлісі) бір ұсыныс түсіпті. Олар бізге дейін біраз блогерлермен жұмыс істегендерін айтып сендірді. Сендермен жұмыс істеу бізге мәртебе болар еді, байқауымызды қабыл алыңыздаршы деп өтінді. Блогерлер орталығын құру туралы жоспарларын айтты. Келісімшарт аясында жұмыс істейтінімізді білген соң, келістік. Екі жас бала келді. Бірінің аты Нұрлыбек, екіншісі Ермұрат деген жігіт", - дейді Жанерке Елшін.

 

Блогердің айтуынша, ұйымдастырушылар демеуші жинаудан қиналған көрінеді. Жанерке Елшін байқауды ұйымдастырушылардың тәжірибесі аз болғандықтан, оларға өзі көмектескенін алға тартады.

 

"Мен өзіме тиесілі гонорардың жартысын әлі алған жоқпын. Халыққа байқау туралы хабарлап алған соң, асығыс бастап кеттік. Артынан белгілі болғаны ұйымдастырушылар Жанна ханым ұтып алған автокөліктің ақшасын толық төлемеген. Олар ұтыс иесіне көлікті бір аптада әкеліп береміз деп уәде берген. Соңында олар бізді де алдап кетті.

Уәде еткен күні автокөлікті тіркеуге ХҚО-ға келмеді. Судың да сұрауы бар. Бізді алдаған адамдар ертең осылай тағы біреулерді тақырға отырғызып кетеді ғой. Оларды Ақмарал сотқа берді. Оны Жанна ханым біледі. Бұл кісі заңның шешімін күтпестен видео жариялап жіберіпті", - дейді блогер.

 

Апалы-сіңлілі блогерлер бұл жағдайдың заң аясында шешілетініне сенімді. Жанерке Елшін оқырмандар алдында кінәсі болса, жазадан қашпайтынын айтты.

 

 

 




Көрілген: 2761    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 11:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31