Өркениет

Танымал дизайнер Берік Исмаилов көз жұмды

  • Танымал дизайнер Берік Исмаилов көз жұмды

    Танымал дизайнер Берік Исмаилов көз жұмды

Көпшілікке белгілі дизайнер Берік Исмаилов қаза болды. Қаралы хабарды әріптестері жариялады. 

Бұл туралы желіде Рахман Омар мәлімдеді. 

 

"Алтын ағам-ай... Ажал қасымызда екенін тағы дәлелдеді... Жақсы адамдар кетіп жатыр. Неге??? "Сен сұлу" бағдарламасында бірге жұмыс істеп едік. Маңайына, істеген ісіне адал еді. Жаның пейіште шалқысын, алтын ағам...", - деп жазды Рахман Омар.

"Алтын ағам-ай. Бұл фәни жалғанда, сіздің енді жоқ екеніңізге қалай сенейін.... Енді, бұдан былай сіздің күлкіңізді естімейтініме.... Сізді, Италиядан не әкеледі екен деп, күтпейтініме.....Сізге еркелемейтініме.....Сізбен енді сырласпайтыныма..... Сенейін бе? Иманды болыңыз. Сіздің еңбегіңізді бағаламасам, ренжітсем.... Мен егер, жақсы дос бола алмасам, кешіріңізші мені, Беке", - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

"Мына аға да қайтты ма?иманы саламат болсын! Әттеген ай, мына індет бәрін ала ма, Алла сақтай гөр", - деп жазды Асхат Тарғын.

Желідегі көпшілік қазаға қайырлы болсын десіп, көңіл білдіріп жатыр.

"Бұл кісі тігінші кісі ғой. Иманды болсын", "Иманды болсын.Жаны жаннəтта болсын", "Рас па? Қайтыс болды ма? Ажал қасымызда жүр", "Алла тыныштығын берсін", "Адамдар, сақтанайықшы", "Ұйқымыз шайдай ашылды. Құдай айй, небір азаматтарымыздан айырылып жатырмыз! Тоқтау қашан болады? Қарапайым халық не жазды екен? Жаратқан ием, бір өзің жәрдемдес! Берік ағаның иманы саламат болсын!", - деп жазды желі қолданушылары.

Белгілі стилист, дизайнер Берік Исмаилов карантин уақытында авторлық маскаларын тігіп, тегін таратқан еді. Маскаларын көп балалы аналарға, мүгедектер мен аз қамтылған отбасыларға үлестірді. 

"Егер осы коронавирустан аман шықсақ, басқа нәрседен пайда табамыз", - деген бір сұхбатында. 

Желіде соңғы рет екі апта бұрын жазба қалдырып, медицина қызметкерлерін құттықтаған екен. 

 
 

 




Көрілген: 664    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.07.2020, 11:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31