Танымал шоумен Нұржан Аташ отбасын құрды

01 қазан 2021, 10:16

Танымал теле-радио жүргізуші, шоумен Нұржан Аташ отбасын құрды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Арайлым есімді аруға үйленген Нұржан күні кеше Алматының төрінде дүркіретіп той жасады. Той қонағы болған Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде қызықты кадрлармен бөлісті.

"Халықпен бірге билеп қайттық, тойды сағынып қалыпты, жарқыраған жүздерді көріп, қуанып қайттым, Аллаға мың шүкірлер!" - деп қуанды ол.

Сондай-ақ, әнші Ернар Айдар, тележүргізуші Нұрсұлтан Есжан той қонақтарының қатарынан табылды.
Айта кететін жайт, желі оқырмандарының басым дені жас келінді әнші Мөлдір Әуелбековаға ұқсатқан.

"Мөлдір Әуелбековадан аумайды екен", "Мөлдір Әуелбековаға ұқсайды екен", "Мөлдір екен деп қалыппыз", - деп пікір білдірді олар.