Өркениет

Танымал топтың әншісі қайтыс болды

  • © Sputnik / Сергей Ким

    © Sputnik / Сергей Ким

Беларустық ВИА " Песняры" тобының солисті Леонид Борткевич қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik Беларусь оның әйеліне сілтеме жасап хабарлайды. Танымал музыкант, Беларусьтің еңбек сіңірген әртісі 71 жаста еді.

 

Леонид Борткевич туралы не білеміз

Борткевич 1970-1980, 1999-2003 жылдар аралығында ВИА "Песняры" тобының құрамында болды. Оның орындауындағы "Александрина", "Вероника", "Беловежская пуща", "Березовый сок", "Купалинка" сынды аңызға айналған әндер көпшілік есінде.

 

 

Леонид Борткевич 1949 жылы Минскіде дүниеге келген. Оның бала кезінен музыкаға деген бейімі болды.  Пионерлер сарайының хорында солист болды, гитарада ойнады, музыка мектебін бітірді.

 

Сәулет техникумында оқып жүрген кезінде ол жергілікті оркестрдің солисті, одан кейін "Алтын алма" ансамблінің құрамында болды.

 

Ол "Белниигипросельстройда" сәулетші болып жұмыс істеді. 1970 жылы Борткевич Владимир Мулявинмен танысып, ол талантты жас жігітті "Песняры" тобына шақырады.

 

 

Мулявиннің бірнеше шығармаларын орындап, танымал топқа қабылданады. Осы кезден Борткевичтің шығармашылық жолы басталды. Леонид ансамбль құрамында Америкаға барады. КСРО "Алтын Дискі" сыйлығының алғашқы иелері "Песняры" тобы болды.

 

Борткевич топтан бірнеше рет кетті. 1980 жылы Ресей театр өнері институтына оқуға түседі. Оқуға түсуіне байланысты Борткевич топтан кетуге мәжбүр болды.

 

1983 жылы Беларусь телерадиосының солисті болды. Ол 1989 жылы әйелі көркем гимнастикадан олимпиада чемпионы Ольга Корбут және ұлы Ричардпен бірге Америкаға көшіп, сол жақта он жылдай өмір сүреді.

 

Леонид Борткевич елге қайта оралғаннан кейін "Песняры" ансамблінде өнер көрсетті. Содан кейін Борткевич бірнеше әріптестерімен бірге жеке ансамбль құрды.

 

Леонид Борткевич көптеген марапаттардың иегері. 1973 жылы бүкілодақтық ән байқауының лауреаты болды, 1979 жылы Беларусьтің еңбек сіңірген әртісі атағын алды. Музыкант бірнеше рет халықаралық фестивальдар мен байқаулардың лауреаты атанды.

 

Танымал музыкант 25 мамырда 72 жасқа толар еді.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1475    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 17:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Сәуір, 14:05
    Сеңкібай Батыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31