Өркениет

Тараздық бойжеткен не себепті танымал "Қарақатын-Қолтықшашқа" айналғанын айтты (видео)

  • © КТК

    © КТК

Қарақатын Қолтықшаш. Бұл киноның аты емес, өмірдегі есім. Тұрпайы қылық көрсетіп TIKTOKE желісінде танылған тараздық ару өз қылығы жайлы айтып берді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Гүлнар есімді 32 жастағы тараздық ару "Қарақатын Қолтықшаш" есімімен Тикток желісінде өте танымал. Ерсі қылықтарымен видео түсіріп, оны жүктеп танымалдылыққа ие болған Гүлнар бұл қылығын уақытша хайпқа балады. 

" Сегіз айлық сәбиім бар, оны асырауым керек. Күйеуіммен ажырасып кеткенмін. Ол баласынан бас тартқан. Алимент төлемейді, талап етсең мен өзіме қол жұмсаймын деп шешесін қорқытқан адам. Жұмыс жасайын десем баламды тастап кететін адам жоқ. Анамның денсаулығы жарамайды. Сол себепті осындай видеолар түсіріп танымал болып, жарнама жасап, ақша табу ойымда болды. Бірақ бұл уақытша нәрсе, кейін балам өскен соң жақсы заттар түсіремін. Контент жинаймын, көпке үлгі болар видеолар болады. Қазіргі видеоларым бұл ел назарын өзіме аударту үшін жасалып жатқан дүниелер. Мені көпшілік есі дұрыс емес әйел деп ойлайды,  бірақ менде бәрі дұрыс. Бәрі хайп үшін"- дейді. 

"Астарлы ақиқат" бағдарламасы Гүлнар ханым үшін бір емес, бірнеше бағдарлама жасауға уәде берді. Қазір қарақатын қолтықшаш келесі бағдарламада жаңарған Гүлнар болып шығуы әбден мүмкін. 




Көрілген: 3058    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.09.2020, 14:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31