Өркениет

"Тарихи ерлік жасады": Ринат Зайытов АҚШ-ты мойындатқан Димашты мақтады (видео)

  • "Тарихи ерлік жасады": Ринат Зайытов АҚШ-ты мойындатқан Димашты мақтады (видео)

 Айтыскер ақын Ринат Зайытов әлеуметтік желідегі парақшасына Нью-Йорктің төрінде өнер көрсеткен Димаш Құдайбергеннің видеосын салып, күміс көмей әншіні мақтай жөнелді деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Ринат Зайытов Instagram парақшасына Димаштың өнер көрсеткен сәті бейнеленген видеоны жариялады.


Ақын АҚШ төрінде сахнаға домбыраны алып шығып, күллі халықты аяғынан тік тұрғызған жұлдызға өлең жолдарын арнап, ақ тілегін жаудырды.


"Осы жазбадан кейін мен жайлы әңгімелер қалай өрбитінін жақсы білемін! Бірақ, әрбір әрекет өзінің шынайы бағасын алу керек! Бұл менің ұстанымым. Ендеше Димаш қаптаған қара қытайға жем болады-ау деп айқайлаған ауызымыз, АҚШ тың төрінен домбыраны көргенде "Алақай" деп айта алмаса, әдірәм қалсын. Димаш тарихи ерлік жасады", - деп жазды ол.

Жазбаны көрген желі қолданушыларының пікірі екі тарапқа бөлінді. Бірі Димашты мойындаған өнер иесіне жылы лебіздерін білдіріп жатса, енді бірі кезінде оның нағыз дарынды таный алмағанын айтты.


"Ринат аға, сіз де пендесіз, кезінде шатастыңыз", "Енді өзіңізге келдіңіз, Рәке", "Мойындаған да ерлік қой", "Ринат, орынды пікір. Димаш Американы дүр сілкіндірді".

"Димашты әйтеуір мойындадыңыз ғой, "Димаштың даусын кезінде сынаған едіңіз ғой, сол кезде жынымның келгені-ай", "Ринат, Димаш ешкімге бір сөз айттыртпай-ақ өзін мойындатты", "Қателеспейтін пенде жоқ. Мүмкін кезінде айтылған сөздер мен сындар осындай биіктерді бағындыруға жігер берген болар", "Енді түсіндіңіз ғой әйтеуір" - деп жарыса жазды олар.


KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 6315    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.12.2019, 15:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31