Өркениет

«Тасмағамбетов, Мәми үшеуіміз пәтер жалдап, кезекпен тамақ әзірлеген кезіміз де болды» - композитор

  • «Тасмағамбетов, Мәми үшеуіміз пәтер жалдап, кезекпен тамақ әзірлеген кезіміз де болды» - композитор

    «Тасмағамбетов, Мәми үшеуіміз пәтер жалдап, кезекпен тамақ әзірлеген кезіміз де болды» - композитор

«Желмая» бағдарламасында композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлеген Мұхамеджанов мемлекеттік қызметке келуіне себеп болған оқиға жайлы айтып берді,- деп жазады BAQ.KZ.
Нұржамал екеуіміз Алматының базарында жүрген едік. Сонда бір оқиғаға куә болдық. Егде жастағы орыс әйел сатушыдан бір қызанақ сұрап тұр екен. Ол болса «әр қайсыңа үлестіре берсем, немді сатамын» деп бетін қайтарды. Бір килограмм қызанақ сатып алып, қайыр тілеп тұрған әйелге бердім. Ол алғысын жаудырды. Базардан шыққан соң мені «бір әйелге бір келі қызынақ әперіп, бір мұқтажын ғана өтедім» деген ойлар мазайлай бастады. Ал ашқұрсақ жүрген жандар ол кезде көп болатын, - дейді ол.
Төлеген Мұхамеджановтың айтуынша, сол оқиғадан кейін оған қайырымдылық шарасын өткізу туралы ой келеді.

Америка-Қазақстан кеңесінің мүшелігінде бір танысым бар болатын. Соған хабарласып, қиын жағдайда жүрген адамдарға көмек қолын созсақ деген ұсынысымды айттым. Осылайша, америкалық демеушілер көмегімен бір дастарханға 60 мың адамды отырғыздық. Сол жылы астанамыз Алматыдан Ақмолаға ауысып жатқан болатын. Рәміздерді шығарып салуға арнайы шақырылдым. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздесудің сәті түсті. Ол кісі қайырымдылық шараға қатысты алғысын білдіріп, халыққа керек адамсың деген еді. Бұл 1997 жылдың қараша айы болатын. Желтоқсан айында ол кісінің қолынан «Парасат» орденін алдым. Аз ғана еңбегім бағаланып, мұндай марапатқа ие боламын деген ой келмепті. Елбасына әркез жанынан табылып, халыққа қызмет ететін сарбазы болатынымды айттым, - дейді ол.

Композитордың айтуынша, көп ұзамай оған мемлекеттік қызметке келу жөнінде ұсыныс түседі.

Осылайша, ойламаған жерден Алматыдан сол кездегі астана - Ақмолаға қоныс аудардым. Жеті жыл қала әкімінің орынбасары қызметін атқардым. Астанамыз ол кезде енді бой көтеріп жатқан. Ерте кетіп, кеш келетін кездер еді. Иманғали Тасмағамбетов, Қайрат Мәми үшеуіміз бір пәтер жалдап, ас-ауқатымызды кезекпен әзірлеген де кездеріміз болды, - дейді ол.

BAQ.KZ.




Көрілген: 1574    Пікірлер: 0

сенбі, 19.06.2021, 21:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31