Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тәуекел Мүсілім марқұм әкесін есіне алып, көз жасын тоқтата алмады

18 желтоқсан 2017, 16:17

Белгілі актер Тәуекел Мүслім алғаш рет әкесімен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтып берді. Ол Tengrinews.kz сайтының «The Эфир» бағдарламасында әкесімен қоштасқан сәтін есіне алып, көз жасын тоқтата алмады.

Тәуекел Мүслімнің әкесі обыр дертіне шалдыққан екен. Оны әрдайым сау күйінде көрген актер Шымкентте ауырып жатқан әкесін танымай қалыпты.

«Университеттің төртінші курс бітіретін кезім. Ол кезде дипломдық жұмысқа дайындалып жаттым. Диплом қорғауға бір апта қалғанда әкемнің інісі хабарласты. Ол кісі: «Әкелерің ауыр халде жатыр, келіп кетіңдер» деді. Әкемді әрдайым дені сау кезінде көріп үйренгенмін. Ол кісі обыр дертімен ауырған еді. Сол жолы Шымкентке барғанда, әкемді мүлдем танымай қалдым. Бойы шөгіп, арықтап кетіпті. Көзім үйренбеген соң, мүлдем танымадым”,- деді актер әкесімен соңғы рет көріскен сәтін есіне алып.

Бағдарламада Ләйлә Сұлтанқызы актердан әкесіне не айтып үлгермегенін сұрады. Бұл сұрақтан кейін Тәуекел көз жасын тоқтата алмады.

«Әкесіз өскеннен кейін, айта алмаған сөздер бар. Үш ай жанында болған кезімде, әкеммен жақын араласуға тырыстым. Ананың мейірімін көрдік. Бірақ әкенің мейірімін көре алмаған қиын болады екен. Әрине, еш өкінбеймін. Осындай мінезім анамның тәрбиесінің арқасы шығар.

Кейде мінез көрсете алмаймын. Кей адамдар өнерде жүргенде қолданып кетеді. Оның бәрін түсініп тұрамын. Бірақ «жоқ» деп айта алмаймын.

Осындай сәттерде қиындау. Ананың қолында өскеннен кейін жұмсақ болады екенсің. Ендігі өзіме пайдасы тимесе, келіспеуге тырысудамын. Осы қорқыныш – үйленбеуімнің бір себебі.

Әкесіз өскеннен кейін, оның бала үшін қаншалықты қасірет екенін білемін. Арада баламыз болып, тіл табыса алмай қалып жатуымыз мүмкін. Сондай дәрежеге жеткізгім келмейді. Ажырасып кетуден қорқамын”,-деді актер.

Актердың айтуынша, әкесінің екінші некесінен бес бауыры бар екен. Алайда олармен ара-тұра ғана кездесіп тұрады.

Айта кетсек, Тәуекел Мүсілімнің әкесі – қылмыс әлемінің серкесі Сабыр Мүсілім.