Өркениет

Тәуекел Мүсілімнің жары: Мен оның басын айналдырған жоқпын

  • Тәуекел Мүсілімнің жары: Мен оның басын айналдырған жоқпын

    Тәуекел Мүсілімнің жары: Мен оның басын айналдырған жоқпын

Махаббат Мүсілім жеке өміріне, мамандығына және шоу-бизнеске қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Тәуекел Мүсілім - еліміздегі ең сымбатты актерлердің бірі. Мың қыздың арманы болған актердің жарына қызыға да, қызғана да қарайтын арулар жетерлік. Сондай жандардың бірі Махаббатқа: 

"Күйеумен жолың болды, сондай сымбатты жігіт. Енең да жақсы сияқты. Өзі де үй тірлігіне пысық қызды таңдапты. Бұндай жігіттің басын қалай айналдырып алдың?" - деп жазған. Оған Тәуекелдің жұбайы:
"Қызығы сол, мен оның басын айналдырған жоқпын. Тек өзімді бар қалпымда ұстадым. Құдайға рахмет, күйеуіммен де, енеммен де жолым болды. Өзім соған лайық шығармын", - деп жауап берді. 

Махаббат Тәуекел екеуінің өмірге деген көзқарастары, мінездері мен қызығушылықтары сай келгенін атап өтті. 

Тәуекелдің жары Махаббат шоу-бизнестен алшақ адам. "Жалпы медицина" мамандығы бойынша білім алған. Декреттен шыққан соң, терапевт болып жұмыс істемек ойы бар. Ал шоу-бизнеске мүлдем жолағысы келмейтінін айтады.

"Бала кезімде гимнаст болуды армандайтынмын. Сол кезден икемді болдым. Гимнаст қыздарға сондай қызығып қараймын. Бұйырса қызымды көркем гимнастикаға бергім келеді", - деп атап өтті ол. 




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.09.2021, 15:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31