Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған байқау БАҚ өкілдерін шақырады

14 маусым 2011, 11:26

ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, журналистер мен фототiлшiлер арасындағы мемлекеттiгiміздiң құрылуы мен дамуы тақырыбында ең үздiк материалға шығармашылық конкурс жариялайды.
Байқау мынандай номинациялар бойын­­ша өткізіледі:
1) Тәуелсіз Қазақстанның тарихына ар­нал­ған ең үздік авторлық фотоматериал;
2) Қазақстанның экономикалық жетіс­тік­терін паш ететін ең үздік мақала – қазақ және орыс тілдерінде;
3) Еліміздегі саяси жаңартулар бойын­ша үздік мақала – қазақ және орыс тіл­де­рін­де;
4) Ең үздік қоғамдық-саяси басылым;
5) Қазақстанның дамуы және қалып­та­суы туралы мақала жазған ең үздік ше­тел­дік журналист;
6) Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне ар­налған ең үздік телевизиялық жоба – қазақ және орыс тілдерінде;
7) Қазақстан мемлекеттігінің қалып­та­суы туралы ең үздік жаңалықтар сюжеті – қазақ және орыс тілдерінде.
Конкурсқа баспа және электрондық бұ­қа­ралық ақпарат құралдарының жур­на­листері мен фототілшілері 2011 жылдың ішін­де жарияланған және эфирге шы­ға­рылған жұмыстарын қатыстыра алады. Егер материал шетел тілінде ұсынылған болса, оның міндетті түрде нотариалды куә­ландырылған қазақ және  орыс тіліндегі көшірмесі қоса берілуі тиіс. Бай­қау­дың қорытындысы желтоқсанның бірін­де шығарылады. Үміткерлер мате­риал­дарды 2011 жылдың 1 қазанына дейін рәсімдеп, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіре­беріс, 250-кабинетке жолдауы тиіс.