Өркениет

Театр режиссері, қоғам қайраткері Болат Атабаев 69 жасында өмірден озды

  • Театр режиссері, қоғам қайраткері Болат Атабаев 69 жасында өмірден озды

    Театр режиссері, қоғам қайраткері Болат Атабаев 69 жасында өмірден озды

Қазақстандық белгілі театр режиссері, қоғам қайраткері Болат Атабаев 69 жасында өмірден озды. Бұл туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қош бол, ірі тұлға" деп жеткізді қаралы хабарды ол. Танымал режиссердің қайтпас сапарға аттанғаны туралы хабарды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі растады.

 
Болат Атабаев 1952 жылы 14 мамырда дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері,  "Ақсарай" театрының көркемдік жетекшісі, республикалық неміс театрының, М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының режжисері болды. Грузия, Италияда тәжірибеден өтіп, Германияда білім алды. 40-тан астам спектакльді сахналап, қазақ және орыс тілдерінде бірнеше пьеса жазды.

Болат Атабаев театр өнеріне орасан зор үлес қосқан тұлға. Ол режиссерлік еткен қойылымдар Ресей, Германия, Грузия, Түрікменстан мен Қазақстанда өткен халықаралық театр фестивальдерінде жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар Болат Атабаев оппозициялық қозғалыстың белсенді мүшесі болғанын атап өткен жөн.

 




Көрілген: 623    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.07.2021, 11:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30