Өркениет

Театрлардың жұмысына рұқсат берілді: Қазақстанның карантин туралы қаулысына өзгерістер енгізілді

  • Театрлардың жұмысына рұқсат берілді: Қазақстанның карантин туралы қаулысына өзгерістер енгізілді

    Театрлардың жұмысына рұқсат берілді: Қазақстанның карантин туралы қаулысына өзгерістер енгізілді

Қазақстанда 2020 жылғы 15 тамыздағы карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа қаулыға сәйкес (16 қыркүйекте қол қойылды), ашық және жабық кафелер мен мейрамханаларға келушілер саны 30-дан 50 адамға дейін өсті.

Кинотеатрларға маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Толтырылуы 50 пайыздан артық емес жағдайда театрлардың қызметіне рұқсат етілді, бұл ретте адам саны 50-ден аспау керек, infokazakhstan.kz порталында тіркеліп, маска режимін, әлеуметтік арақашықты сақтау қажет.

Сауда-ойын-сауық орталықтарында (жеке үй-жайларда) орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің 50-ден аспайтын отыратын орны бар, ұжымдық іс-шаралар өткізілмей жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

15 адамнан аспайтын топты толтырған кезде балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат берді.

Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың жұмысында қызметкерлердің кемінде 50 пайызын қашықтықтан жұмыс нысанында қалдыруға рұқсат етілді.

Ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг-орталықтар, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және басқалар), кинотеатрлардың (ашық кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің қызметіне әлі де тыйым салынған.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.09.2020, 08:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30