Өркениет

"Тегін білуі керек": Байзақова ұлын ата-әжесімен таныстырды

  • "Тегін білуі керек": Байзақова ұлын ата-әжесімен таныстырды

Атышулы Байзақова ұлын әкесінің туғандарымен таныстырды. Блогер ұл бала үшін мұның маңызды екенін және қуанышты екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Аланның өмірінде орын алған басты жаңалықты білмейсіздер ғой. Біз барлығымыз өте қуаныштымыз, себебі Алан өзінің атасы мен апасымен танысты. Жақында олар алғаш рет кездесті. Аланның қалай қуанғанын көрсеңіздер ғой", - деп бөлісті Айжан. 

 
Сөзіне қарағанда, кішкентай Алан адам жатырқамайды. Әсіресе, туғандарын көргенде ол ерекше күйге бөленген.

"Біздің Алан - ерекше бала. Адамдардан қорықпайды. Ата-апасын көре салып, қолдарына барды. "Атака, апака" деп олардан айырылмай қойды. Өзім де қуаныштымын. Себебі Алан - жігіт. Ол өзінің тегін білуі керек.
Бұрынғы жігітіммен қайта қосылмайтынымыз анық. Бірақ ештеңеге қарамастан, ол туыстарын білуі керек", - дейді Байзақова. 

Айта кетейік, Айжан Байзақова сүйіктісімен үш жылдай қарым-қатынаста болғанын, ал жақында басының босағанын жария еткен еді. Атышулы блогер 2018 жылы ұл баланы дүниеге әкелген болатын.




Көрілген: 667    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.09.2021, 13:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31