Өркениет

«Тек вакцинаны жарнамаламасаң болды»: Балғынбек Имаш Мейрамбек Бесбаевқа өтінішін айтты

  • «Тек вакцинаны жарнамаламасаң болды»: Балғынбек Имаш Мейрамбек Бесбаевқа өтінішін айтты

    «Тек вакцинаны жарнамаламасаң болды»: Балғынбек Имаш Мейрамбек Бесбаевқа өтінішін айтты

"Жарнама ақшаның көзі. Ағайын-туысқа, кейде шын мұқтаж жандарға көмек қолын созу үшін де ақша керек", - деді Мейрамбек.

Әнші Мейрамбек Бесбаев жарнама арқылы ақша тауып, шын мұқтажға көмектесетінін жеткізді.

Ол бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінде жазба жариялады,-деп хабарлайды Caravan.kz порталы.

“Қадірлі ағайын, біраз уақыттан бері менің парақшамда сақтандыру компаниясының жарнамасы пайда болды. Әркім әртүрлі пікір айтуда.

Жарнама жасар алдында мен міндетті түрде ешкімге зияны тимейтініне көз жеткіземін.
Шындығында бұл сақтандыру компаниясының ешқандай зияны жоқ.

Ұнамай қалса артық сөз жазбай жай ғана өткізіп жібересіз. Көңіл қымбат екенін ұмытпаңыз.

Ал, сізге пайдасы тиіп жатса қуаныштымын. Сақтандыру компаниясымен келісімшартқа отырдым, енді біраз уақытқа дейін жарнамалайтын боламын. Жарнама ақшаның көзі. Ағайын-туысқа, кейде шын мұқтаж жандарға көмек қолын созу үшін де ақша керек. Осы жарнама арқылы пайда тауып, салығын төлеп отырғаным да рас. Түсіністікпен қарарсыздар.

Алла қаласа әндер және шығармашылықтағы тың жаңалықтарыммен бөлісемін. Ал әзірге жарнама.”- деп жазба қалдырды.

Мұны оқыған желі қолданушылары:

“Дұрыс Мәке қазір өмір сүру керек”,”Сіз айтсаңыз сенуге болатын шығар”,”Жарнама деп ашық жазып қойыпсыз ғой”,”Жарнамамен күн көреміз десеңізші”,- деп пікір жазды.

Ал, айтыскер ақын Балғынбек Имаш:

“Мәке, сен айтпайсың, айтсаң дұрысын айтасың. Сен айтсаң сенімді. Жарнамаң дұрыс-ақ, тек вакцинаны жарнамаламасаң болды”,-деп пікір қалдырды.

Көпшілік ақынның сөзіне лүпіл басып, онымен келісетіндігін жазды.




Көрілген: 3431    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.07.2021, 14:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30