Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Tengrinews.kz «Халықтың сүйіктісі – 2012» сыйлығын жеңіп алды

22 желтоқсан 2012, 14:25

Tengrinews.kz ақпараттық порталы тағы да топ жарды. Онжылдықтың ең үздік сайты жуырда әлеуметтік желілерде жүргізілген «Халықтың сүйіктісі – 2012» дәстүрлі қоғамдық сыйлығын «Жалынды интернет-басылым» аталымы бойынша жеңіп алды. «Телеэфир жұлдызы» атағы СТВ телеарнасының журналисі Александр Журавлевке берілді.
«Халықтың сүйіктісі» байқауы Facebook-те қарашаның 5-інен желтоқ­сан­ның 5-іне дейінгі аралықта жүргізілді. Қоғамдық сыйлық – «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтұқтың жобасы. Бір ай бойы желі тұтынушыларының даусы жиналып, жуыр­да Астанада оның қорытындысы салта­натты жағдайда жария етілді. Сый­лық­тың «Жалынды интернет-басы­лым» номинациясында Tengrinews.kz және Voxpopuli.kz порталдары жеңімпаз атанды. Тәулік бойғы жаңалықтардың тізбегінен тұратын Tengrinews.kz порталы биыл Award.kz-2012 ұлттық ғаламтор сыйлығын «үздік масс-медиа» және «жылдың үздік сайты» номинациялары бойынша жеңіп алып, «онжылдықтың үздік сайты» мерей­той­лық атағына да лайық деп танылған болатын. Бұл сыйлық порталға 2011 жылы да бірнеше аталым бойынша берілген еді. Ең соңғы ақпараттардың топтамасы үш жыл бұрын ашылды. Ұжымның Астана және Алматы қалаларында бюросы және аймақтарда тілшілері бар. Ғ.Байтұқтың айтуынша, Tengrinews.kz – Қазнет тұты­ну­шылары оқып тұратын бірден-бір сайт. «Халықтың сүйіктісі – 2012» байқауында әлеуметтік желі тұтынушылары «Өжет пуб­лицист» аталымы бойынша танымал блог­гер, журналист Артур Нығметов пен Тө­ле­ген Байтөкеновті, «Блогосфера көш­­басшысы» аталымы бойынша Жомарт Ертаев пен Әлішер Елікбаевты, «Қажымас депутат» номинациясы бойынша Мұхтар Тінікеев пен Мұрат Әбеновті, «Шоу-бизнес авторитеті» номинациясы бойынша Ермек Тұрсынов пен Баян Есентаеваны, «Жұл­дыз­ды сүйіктілер» номинациясы бойынша Фархад Әбдірайымов пен Әсел Сағатованы сыйлыққа лайық деп тапты. «Респект-спортшы» атағы Олимпиада чемпиондары – даңқты боксшы Серік Сәпиев пен ауыр атлет Илья Ильинге бұйырды. Көпшіліктің шешімімен «Қуатты саясаткер» атағы Әміржан Қосанов пен Ғани Қасымовқа, «Қоғам­ның қажымас қайраткері» атағы Әлібек Байнешев пен Аружан Саинге берілді. СТВ телеарнасындағы «БлоGпост» хабарының жүргізушісі Александр Журав­лев «Телеэфир жұлдызы» аталымында жеңіп шықты. Бұл атақты КТК телеар­на­сының журналисі Артур Платонов та иелен­ді. Иманғали Тасмағамбетов пен Әсет Исекешев – «Озық ойлы мемлекет қайраткері», Досым Сәтбаев пен Айдос Сарым «Көріпкел саясаттанушы» атанды. «Даму және табыс» құрметті сыйлығы Ар­ман Әсеновке берілсе, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мен белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин «2012 жылдың саяси серпіні» деген атаққа лайық деп таныл­ды.