Өркениет

"Тереза ана сияқты бәріне көмектеседі": Айсәуле Бақытбек анасының ел білмейтін қырын ашты

  • "Тереза ана сияқты бәріне көмектеседі": Айсәуле Бақытбек анасының ел білмейтін қырын ашты

Айсәуле Бақытбек анасының өсиеті, берген тәрбиесі жайлы сыр шетті. Ол сырт көзге қатал көрінетін Баян Алагөзованың шынайы бет-бейнесін ашты, деп хабарлайды Stan.kz.

Айсәуленің айтуынша, баланы сөзбен тәрбиелегеннен нәтиже аз. Ең дұрысы – іспен үлгі болу дейді бойжеткен. 

"Ол ұстаныммен өзіңіз өмір сүрмесеңіз, балаңызға не айтатыныңыз маңызды емес. Ол бәрібір де балалық шағында көріп өскенін және үйде қалыпты саналған дүниелерді жасайды.

 
Менің анам өте шыншыл, жанашыр (сырт көзге олай көрінбейтін шығар, шын мәнінде, анам "Тереза ана" сияқты, қолынан келсе бәріне көмектесуге дайын), мейірімді, өнегелі, қызғаныш, реніш, жек көрушілік деген сияқты сезімдерден бойы жат. Бойымда қалыптасқан көптеген қасиеттерім анама ұқсайтынын ойласам, қуанамын. 

Үйде бір-бірімізбен қарым-қатынасымыз ашық, демократиялы және жақын. Дәстүрлі қазақ отбасы үшін менің анаммен, сіңліммен, апаммен, әпкеммен ара-қатынасым біртүрлі көрінуі мүмкін. Өйткені біз емін-еркін қалжыңдасып, әлемдегі кез келген тақырыпты еркін қозғай аламыз. Менің балаларымда солай болса деп армандаймын", – деді Айсәуле.


Айсәуле Бақытбек: Жігіттердің назарында жүретінім, әдемі киім киетінім үшін көпшілік ұнатпайтын
Айсәуле Бақытбек: Желіде отырып алып жас келіндерді аңдитындарға сөзім жоқ

Бұл орайда Айсәуле 5 жасында басынан өткен хикаясымен бөлісті. Анасының бір ауыз сөзінен кейін, ол адамдарды жек көруге болмайтынын түсінгенін айтты.

"Анаммен болған диалог:  
- Мен оны жек көремін. 
- Олай деме, қызым. Жек көрушілік адамды іштен өлтіреді. 
Ол кезде жасым 5-те еді. Осы бір ауыз сөзден алған әсер мәңгіге қалды. Ол сөзді қолданбаймын, "іштен өлмес үшін" ешкімді жек көрмеуге тырысамын", – деді Айсәуле. 




Көрілген: 466    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 11:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31