Өркениет

"Тиіссе, аямаймын": Керімбекова Гүлзира Айдарбековамен қырылып қалғанын айтты

  • Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қазақ эстрадасының жұлдызы Ақбота Керімбекова Қайрат Нұртастың анасымен қатты ұрысып қалған кезін есіне алды. Әнші мен Гүлзира Айдарбекова кезекті концерт алдында қырылысып, бір-біріне ауыр сөздер айтып қойған. Өнер иесі туындаған келіспеушілкке қатысты бар шындықты айтып, өзіне тиіскен адамды ешқашан аямайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Ақбота Керімбекова мен Гүлзира Айдарбекованың жанжалы туралы "Дастархан шоу" бағдарламасында белгілі болды. Эстрада өкілі ағынан жарылып, бұған дейін орын алған дауды егжейлі-тегжейлі түрде айтып берді.

 

"Концертке бір апта қалғанда Гүлзира екеуміз қырылысып қалдық. "Мен өлең айтпаймын, болды" дегем. Гүлзира ханым ана дос қызыма, мына дос қызыма шығып әйтеуір ашуымды басып алды. Мен де қырсық адаммын ғой. Бір қырсықсам жаман болады. Мен біреу тиіспесе өте жұмсақ адаммын, ал тиіссе аямаймын. Сол концерттің алдында сазгер Ержан Серікпаев ағамыз қайтыс болды. Сол кісінің жерлеуіне кетіп қалдым. Гүлзира ханым сол кезде қоңырау шалып, "қайда жүрсің" деп айқайлайды. Ол кісіге жаназада жүргенімді айттым. Маған "тез қайт Алматыға, кешке дейін жет" дейді ғой. Мен Арыста жүрмін. Қазір күліп еске аламыз. Ал негізінде, біз бір-бірімізбен батырып та, асырып та сөйлесеміз. Өте жақсы көремін әрі құрметтеймін бұл кісіні" , - деді әнші.

 

Аталмыш бағдарламаның Қайрат Нұртасқа арналған шығарылымының толық нұсқасы әзірге Youtube желісіне шыққан жоқ. Алайда, Instagram желісіндегі zhuldyzdy_otbasy парақшасында видео үзінділері жарияланып қойған.

 




Көрілген: 3695    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.05.2020, 12:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30