Өркениет

Тікелей эфирде көз жасына ерік берген Кенжебек Жанәбілов тележүргізушіні жылатты (видео)

  • Тікелей эфирде көз жасына ерік берген Кенжебек Жанәбілов тележүргізушіні жылатты (видео)

    Тікелей эфирде көз жасына ерік берген Кенжебек Жанәбілов тележүргізушіні жылатты (видео)

"Музарт" тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов тікелей эфир арқылы сұхбат берді. Карантиндегі атқарған жұмысы мен отбасы туралы айтқан әнші тележүргізуші Аида Боранбайды жылатты.
Әнші 31 арнаға тікелей эфир арқылы сұхбат берді.

Кенжебек Жанәбілов келіншегі Жәмила екеуі бүгінде төрт баланың ата-анасы. Жанәбілов жақында төртінші рет әке атанды. Нәрестеге Әлиби деген есім қойды. Тұңғышының есімі - Ахмет, егіз қыздарының есімі Кәлима мен Кәрима.

"Карантинде кішкентайдың қылығына тоймай уақыттың қалай өтіп жатқанын білмей қалдық. Сырымтау деген азамат "Мейірімді жандар" деген қор құрып, қайырымдылықты қолға алды. Біз де үлесімізді қосып, "Музарт" тобы атынан 300 жәшік азық-түлік алдық. Осылайша қайырымды жандар карантин уақытында мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратты", - деді әнші.

"Сені жақсы әнші деп ойлаушы едім": Меруерт Түсіпбаева Мәдина Сәдуақасовамен не себепті ренжіскенін айтты
Кенжебек Жанәбілов өнермен бірге отбасының да ауыртпалығын қатар алып келеді. Тұңғышының сынақпен өмірге келгенін жария еткен әнші ұлының әр жеңісіне қуанады.

"Үлкен ұлымыз Ахмет сынақпен келді. Құлағы естімейді. Біз оны апармаған жеріміз жоқ. Бірнеше рет шетелге бардық. Ақыры 6 жастан асқанда ота жасаттық. Осы аурудың қыр-сырын меңгеріп алғандықтан, "Ел назы" деген тегін орталық аштым. Оны өз қалтамнан төлеймін. Мақсатым - осындай балалалардың ата-аналарына дер кезінде қажетті ақпарат айтып, кеңес беру. Бізге кеңес беретін адам болған жоқ. Біз уақыт жоғалтып алдық. 6 жыл уақыттан кейін ота жасаттық. Осындай қателіктер жібермес үшін орталық жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта әкімдікпен бірлесіп, ауқымды жұмыстар атқарамыз", - деді Кенжебек.

Әнші тұңғышының бар ауыртпалығын көріп, күтіміне қараған жарына алғысын айтады.

"Тұңғышын туғанда мен көп уақыт сыртта жүрдім. Гастрольмен кеттім. Сол уақытта ұлымның қасында анасы болды. Қанша жылаған күндеріміз болды. Ұлым қанша ем алды. Біз осындай уақыттардан өттік", - деді ол.

Әнші тұңғышы жайлы айтып, көзіне жас алды.

"Жақында ұлым Ахмет кіші ұлым Әлибиге сөйлеп жатыр. "Қалайсың? Жақсысың ба?" деген сөздерді айта алады. Бір кезде менен "Әлібидің құлағына аппарат саласыздар ма? Менің құлағым естімейді. Әлібиге ондай болмайды" деп жатыр. Көзіме еріксіз жас келді. Ешбір балада, ешбір отбасында бұндай жағдай болмасын деп тілеймін", - деген әнші тікелей эфир кезінде жылады.

Бұл сәт Аида Боранбадың да жүрегін елжіретіп, еріксіз жылатты.

"Балаларыңыздың тек қызығын, рахатын көріңіздер. Бала-шағаңызға амандық, саулық тілеймін", - деді тележүргізуші.  




Көрілген: 1002    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.05.2020, 19:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30