Өркениет

Тілдерді дамыту басқармасы ұсынған мультфильмде әйел күйеуінің көзіне шөп салып жүр (ВИДЕО)

  • Тілдерді дамыту басқармасы ұсынған мультфильмде әйел күйеуінің көзіне шөп салып жүр (ВИДЕО)

    Тілдерді дамыту басқармасы ұсынған мультфильмде әйел күйеуінің көзіне шөп салып жүр (ВИДЕО)

«Бұл тілді үйрету үшін емес, қазақ халқының қалыптасқан әдет-ғұрпына тікелей шабуыл жасап, күйрету мақсатында жасалған. Жою керек барлық сайттардан!» - деп дабыл қақты режиссер.
Режиссер Қанағат Мұстафин facebook парақшасында сәбилерге тіл үйрету мақсатында түсірілген «Жанәділ» деген мультфильмнің сорақылығын атап көрсетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мына масқара мультфильмді көргендерің бар ма? Әйелі күйеуінің көзіне шөп салып жүр. Бұны жас балаларға танымдық деп көрсетіп жатыр. Тілді үйрету деп қояды... Бұл тілді үйрету үшін емес, қазақ халқының қалыптасқан әдет-ғұрпына тікелей шабуыл жасап, күйрету мақсатында жасалған. Жою керек барлық сайттардан!» - деп дабыл қақты жазба авторы.

Масқара болғанда, ол Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша түсірілген.

Қысқаша айтқанда, күйеуін «отырса опақ, тұрса сопақ қылатын» шайпау әйел оның көзінше ханмен көңіл көтереді. Екі сарбазымен үйі маңынан өтіп бара жатқан ханды аттан түсіріп алып, айтқанынан шықпайтын ез күйеуін «Сен әумесер бізбен бірге отырмай-ақ қой! Ханның үстіне шай төгіп аларсың. Бар, су әкел! Отын жар!» - деп жекіп қуып жібереді. Ал өзі үйіне зып етіп, ханның «іші-бауырына кіре бастайды».

Ерте заман етіп көрсеткенмен, кейіпкерлердің жағымсыз іс-әрекеті мен сөз саптасы қазіргі кейбір отбасындағы жағдайды кейіптегендей. Тіпті, ханның ашынасы оған: «Мінекей, бешбармак та дайын болды», - дейді. О заман да бұ заман, хандық дәуірде етті «бешбармак» дегенді кім көрген?!

Тағы оқи отырыңыз: «Сөз қазынасы» деген аты дардай анимациялық фильмде құлын «тайынша» деп аталған (ВИДЕО)

Ол сөз бертін келе орыс отарындағы қазақты мәңгүрттендіру кезінде пайда болған ғой. Қазір кейбір «оқыған-тоқығандардың» да аузымен айтылып жүргені болмаса, «бешбармак» дегеннің ана тілімізге жат сөз екенін Тілдерді дамыту басқармасындағылар білмесе, жетіскен екенбіз! 




Көрілген: 802    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2020, 06:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30