Өркениет

"Төбелесіп те жүрдік": Тәуекел Мүсілім мен Қайрат Нұртас сыныптас болып шықты

  • "Төбелесіп те жүрдік": Тәуекел Мүсілім мен Қайрат Нұртас сыныптас болып шықты

 Бүгінде отандық шоу-бизнесте аттары дүркіреп тұрған Қайрат Нұртас пен Тәуекел Мүсілім бір сыныпта оқыған болып шықты. Өнер саласының серілері мектеп қабырғасында қандай болғанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар. 

Тәуекел Мүсілім жұлдызды сыныптасы Қайрат Нұртас туралы бар шындықты айтып берді. Ол қазіргі таңда қазақ эстрадасының хитмені сабақты қалай оқығанымен "Ревю" бағдарламасында бөлісті. "Қайрат ән айтып жүрген кезде мен оны аса бір әнші ретінде қабылдамайтынмын. Жақсы оқыды деп айтпаймын. Әйтеуір орта деңгейдегі оқушы болды. Арасында төбелесіп те жүрдік. Бұзық та болатынбыз" , - деді актер. Еске сала кетейік, отандық шоу-бизнесте сыныптас болған тағы өнер жұлдыздары бар. "Жігіттер" квартетінің мүшелері Ердос Қанаев пен Еркін Нұржанов бір топта өнер көрсетпес бұрын, бір мектеп қабырғасында 11 жыл бойы бірге оқып, бір партада отырып келген. Қос әнші 25 мамыр күні өздері түлеп ұшқан білім ошағына барып, ұстаздарымен қауышып қайтты. Сонымен қатар, Тәуекел Мүсілім осы жылы жазда үйленетінін хабарлады. Талай қыздың арманына айналған актердің үйлену тойы жеті бөлімнен тұрмақ. Дүбірлі шараның қалай өтетіні жайында оның ұйымдастырушылары айтып берді. 

KAZ.NUR.KZ




Көрілген: 2462    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.05.2020, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30