Өркениет

"Тобырда ақыл жоқ". Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға жауап берді (видео)

  • https://www.youtube.com/

    https://www.youtube.com/

Өткен аптада танымал эстрада әншісі Айгүл Иманбаева КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына қатысып, өзін шегірткеге теңеген бизнес тренер Ахметбек Нұрсиланы сотқа беретінін мәлімдеген болатын. Сол оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде Айгүл Иманбаеваны қаралаған пікірлер көбейіп кетті. Кеше Айгүл Иманбаеваға өзін қаралағандарға жауап берді деп хабарлайды oinet.kz тілшісі.

 

Ютуб арнасында Айгүл Иманбаева адамдарды ғайбат айтпауға шақырды.

 

- Айтарларыңызды айтып болдыңыздар ма? Енді айқайламай мен айтайын. Ия, халық - ұлық, тобыр - былық. Абайдың 17-ші қара сөзінде Пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол - көп. Ендеше көпте, яғни тобырда ақыл жоқ деген. Оны мен емес, Абай атамыз айтып кеткен. Қасиетті Құранда ғайбат айту - өзіңнің туған бауырыңның етін жеумен бірдей деген. Көкбет адам жөн-жосықсыз, орынды-орынсыз аузына келгенді айтып байбаламға салатын адам емес пе? Ал, мінезді адам ол бір басқа. Жылқыда да мінез бар. Жуас жылқыны адамдар тек жұмысқа жегеді. Ал, асау жылқы аламанда шабады. Мінезді адам ғана тұлғалыққа бара алады. Ия, мен мінездімін, екіжүздімін. Бірінші жүзім - мейірімді, шынайы, ашық. Ал, осы болмысымды аяққа таптағанда мен ғана емес, әр адамның жан айқайы көмекке келсе керек, - деді әнші.

 

Айгүл Иманбаеваның толық жауабын төмендегі видеодан көре аласыздар:


 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch




Көрілген: 2456    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.05.2020, 16:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30