Өркениет

Тоқтар Серіков: Әйелім өзімдікі ғана болғаннан кейін, "жаным" деп оңашада ғана айтамын

  • Тоқтар Серіков: Әйелім өзімдікі ғана болғаннан кейін,

    Тоқтар Серіков: Әйелім өзімдікі ғана болғаннан кейін, "жаным" деп оңашада ғана айтамын

Бүгінде төрт ұл тәрбиелеп отырған Тоқтар мен Бейбіт "балаларыңыздың қайсысы әкесі мен анасының жолын қуады?" деген сауалға келгенде қиналып қалады екен. Себебі алдыңғы үш ұлы өнерге қызықпайды. Бір үміт үйдің кенжесінде. Бұл туралы Серіков Қазақстан ұлттық арнасының "Таңшолпан" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алдыңғы үшеуі өнерге қызықпайды. Үлкеніміз математик, жақсы оқиды. Қазір 8-сыныпта. Одан кейінгі егіздер де өнерге қызықпайды. Білімге, спортқа жақын. Төртінші, кішкентайымыз әнші болатын шығар. Тілі келсе де, келмесе де, таңнан кешке дейін менімен қосылып, ән айтады. Тілі енді шығып жүр", - деп бөлісті Серіков.

Серіков әкенің қас-қабағына қарап өскенін айтады. Әкесін асқар таудай көріп, үлгі тұтқан ол өз ұлдарына да сол тәрбиені беруге тырысып жүр. 

 
"Ұлдарымның бәрі бұрыш-бұрышқа тығылып, қашып кетеді. Мен соларға дауыс көтеріп, айғаламаймын. Бірақ әкеден жасқанады. 
Ұрыспайды емес, ұрысамын. Бірақ жүрегімнің ауырғанын көрсетпеймін", - деді ол. 

Бұдан бөлек, Тоқтар жұбайын қалай еркелетінін айтты. 

"Телефонымда Борби деп сақтаулы. Қыз кезінде байқамай Борби деп айтып қойып, сол күйі қалды. Телефон нөмірі өзгерсе де, аты өзгермейді. 
Оңаша жерде "жаным" деп еркелететінім бар. Әйел - өзімнің жеке бақытым, өзгеге тиесілі емес, өзімдікі ғана болғаннан кейін "жаным" деп айтатыным бар. Бірақ телефоныма жазып, олай жасамаймын", - деді ол.

Stan.kz  




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 15:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30