Өркениет

"Томирис" фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы неге көрсетілмей жатыр?

  • "Томирис" фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы неге көрсетілмей жатыр?

 Қазақстандық танымал режиссер Ақан Сатаев Instagram желісіндегі парақшасында неліктен "Томирис" фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы прокатқа шықпай жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.


"Құрметті көрермен! Күні кеше #томирисфильм барлық кинотеатрлардан көрсетіле бастады. Көрермендер мен жуналисттердің қойылған басты сұрақтары - фильмнің қазаша дыбысталған нұсқасы бар ма? Сөзсіз,толығымен қазақ тілінде дыбысталған нұсқасы бар. Қазақ елі болғандықтан да, алдымен қазақша нұсқасын дыбыстаған едік! Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлт үшін жасалған маңызды қадам. Фильмнің соңында жазылатын титрлер (түсіру тобы мен актерлық топтың аты-жөндері жазылатын бөлім) латын әліпбиіне аударылу барысында көптеген грамматикалық қателердің анықталуы және топ мүшелері мен актерлардың аты-жөндері құжаттарға сәйкес келмеуіне байланысты кешіктіріліп жатыр. Құқықтық тұрғыдан біз мұндай қателермен көрсетілімге жібере алмаймыз. Шұғыл түрде аталмыш мәселені шешу үстіндеміз", - деп жазды Ақан Сатаев.

 



Сондай-ақ, режиссер осы фильмнің көрсетілімге кешігіп шығатыны үшін кешірім сұрады. "Бұны ақталу емес, сіздерге мән-жайды түсіндіру деп қабылдайтындарыңызға үміттенеміз. Фильмнің қазақша нұсқасы уақытылы дайын болмағанына, көрсетілімге кешігіп шығуына өкінішпен алдарыңызда кешірім сұраймыз. Екі-үш күнде бұл мәселе шешуін тауып, киномызды ана тілімізде еліміздің барлық кинотеатрларында көре алатындарыңызға сенім білдіреміз", - деп түйіндеді ол.


Тengrinews.kz..




Көрілген: 801    Пікірлер: 0

сенбі, 28.09.2019, 18:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31