Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Төреғали екеуміздің бір-бірімізге деген тартылыс күшіміз бар - Ерке Есмахан

31 қазан 2018, 17:24

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан өзінің Төреғали Төреәлімен бір уақытта фильм шығаруына қатысты пікірін айтты. Шоу-бизнес жұлдызы тырнақалды туындысының ел назарына ұсынылу сәті әріптесінің киносымен тұспа-тұс келіп қалғанын жеткізді.

Ерке Есмахан «Махаббат кафесі» комедиясының Төреғалидың фильмімен бір уақытта шығуы сәйкестік екенін айтты. Әнші тырнақалды туындысының әдейі дәл осы кезде шықанын мақсат етпеген.

«Біріншіден, біз Төреғалидің киносы қашан шығатынын білген жоқпыз. Көрсетілім күнін алдын ала белгілеп қойғанбыз. Оның туындысы бізден бұрын шығатынын одан кейін бірақ естідік. Ол енді сәйкестік шығар. Білмеймін ғой, Төреғали екеуміздің бір-бірімізге деген тартылыс күшіміз бар.» , — деді әнші.

Өнердегі әріптесімен қатар фильм шығаруын сәйкестікке теңеген Ерке қай туындының көбірек ақша әкелетінін халық шешетінін айтты.

365info.kz