Өркениет

Төреғали қарындасы Фаризаны ұзатып, дүркіретіп той жасады

  • Төреғали қарындасы Фаризаны ұзатып, дүркіретіп той жасады

    Төреғали қарындасы Фаризаны ұзатып, дүркіретіп той жасады

Төреғали Төреәлінің туған қарындасы Фариза Төреғали оң босағадан ұзатылды. Әнші қарындасының тойын дүркіретіп өткізді.

Фариза Төреғали спортшы Дархан Нортаевқа тұрмысқа шықты. Бұған дейін некелерін шариғат бойынша қиып, алайда карантинге байланысты той жасай алмай қалған еді. Енді ұзату тойын жасап, қуанышын бөлісті.


Тойға жиналған көпшілік арасында өнердегі танымал жұлдыздар бар. Екі жастың тойынан естелік суреттерді Мақпал Жүнісова жариялады.


"17 наурызда үйге кіріп, кеше Төреғали бауырымның туған қарындасы Фариза қызымыздың ұзату тойында болып қайттым. Екі жас бақытты болсын, махаббаттары мәңгілік болсын" , - деп жазды ол. 

Мақпал Жүнісова өзіне тон сыйға тартқанын айтып мақтанды.

"Үстіме норка кигізді. Алла разы болсын, өзім киіп тоздыруға жазсын, немере, шөбере, шөпшек, немене сүйіңіздер", - деді халық әртісі.

Ұлы дала еліндегі той. Қай шаруада болмасын, тіпті адамдармен арадағы байланыста сенім үлкен рөл атқарады. Біз Төреәлі әкеміздің шаңырағындағы кез келген шаттықты, түрлі тойларды, арнайы мақсаттағы жиындарды әулет тарихына қалдырып, бейнелеумен келеміз. Бүгінге дейін бірнеше түсірілімдерді ұйымдастырып, сапалы да талғамға сай жасалған жұмыстың арқасында сенім үдесінен шығудамыз. Шыны керек, көпке үлгі бұл отбасының бүгінде біз де бір мүшесіндейміз... Алматыдағы бұл шаңырақтың ұлындаймыз... Арадағы сыйластық пен адамгершілік бізді бүгінгі қуаныштың да куәгері етуге сеп болды.


Төреәлідей әкеміз бен Аягөздей анамыздың мәпелеп өсірген қызғалдағы, Қызылордамыздың ғана емес, ұлтымыздың мақтанышы Төреғали Төреәлі ағамыздың туған қарындасы Фариза құтты ұясына қонуда. Біз өз кезегімізде қос ғашықтың болашақтағы қуаныштарына да куә болайық деген ниетпен, шаттыққа толы ғұмыр тілейміз!", - деп жазды оператор, Төреғалидің досы Бауыржан.

 

stan.kz




Көрілген: 1528    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.08.2020, 13:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31