Төреғали Төреәлі 10 млн төлеп, бостандыққа шықты

02 қазан 2022, 17:46

"Көлсай" ұлттық саябағының аумағында гидті соққыға жыққаны үшін айыпталған әнші Төреғали Төреәлі кепілдікпен босатылады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратты Алматы облысы Кеген аудандық сотының баспасөз қызметі растады.

 

"Кеген ауданы сотының қаулысымен Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша күдікке ілінген Төреғали Әлиханов 10 миллион теңге кепілдікпен тергеу изоляторынан босатылады", - делінген хабарламада.

 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының полициясы әнші Төреғали Төреәлінің гидті ұрып-соққаны туралы интернетте жарияланған жазбадан кейін іс қозғады.

 

 

Оқиға 28 қыркүйекте "Көлсай көлдері" ұлттық саябағының аумағында болған, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

 

"Құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді. Қазақстан заңнамасына сәйкес барлық қажетті сараптама жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайы анықталады", - деп хабарлады полиция.

 

 

Қылмыстық істің тергелу барысы мен нәтижесі Алматы облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.

 

Бұған дейін әлеуметтік желіде жарияланған видеоның авторы әншінің гидті ұрып-соққанын айтқан болатын.