Күні кеше ғана Көлсай көлі маңында гидті соққыға жыққан атышулы әнші Төреғали Төреәлі Талғардағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Elorda.info."-ға сілтеме жасап.
Бүгін әнші Талғардағы уақытша ұстау изоляторға жеткізілгені белгілі болды. Оның қамауға алынған сәтінен видео тарады.
Еске сала кетейік, кеше танымал әншіден соққы алғанын айтып, маңдайынан қаны сорғалап аққан жігіттің видеосы тараған болатын.
Кейіннен Алматы облысы Кеген ауданының полициясы әншінің үстінен тексерісті жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Төреғалидың үстінен Қылмыстық кодекстің 293 бабы (бұзақылық) бойынша іс қозғалған.