Өркениет

Төреғали Төреәлі колонияда концерт берді

  • Төреғали Төреәлі колонияда концерт берді

    Төреғали Төреәлі колонияда концерт берді

 Төреғали Төрели Алматы облысындағы колонияға концерттік сапармен барды. Ол цехтағы әріптесі Ерболат Төлегенмен бірге тұтқындарды Жеңіс күнімен құттықтап, қайырымдылық концерт беріп қайтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі қылмыстық-атқару жүйе комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әнші 9 мамырда, Заречный ауылында орналасқан қатаң режимдегі колонияда қайырымдылық концерт беріп қайтты. Онда 800-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр.


«Қауіпсіздігі жоғары колонияда жазасын өтеп жатқандар Жеңіс күнін мерекелеуден тыс қалмады. Бұл күні қылмыстық-атқару жүйенің барлық мекемелерінде түрлі оқиғалар болды. Осылайша, сотталғандарға осы күнді құрметтеудің мүмкіндігі берілді»,-делінген хабарламада.



LA-155/8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандар эстрада жұлдыздарына алғысын білдіріп, оларға өз қолдарымен жасаған кәдесыйларын тапсырды. Олар әндерін теледидар арқылы бірнеше рет естіген әншіні көремін деп мүлде ойламады. Олар осы күнде танымал әншінің өздерін құттықтап келгеніне дән риза. Ал түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды Жеңіс күнімен құттықтап, концерт берген әншіге колония басшылары да алғыс айтып, ризашылығын білдірді.


Stan.kz


 




Көрілген: 927    Пікірлер: 0

жұма, 10.05.2019, 10:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30