Өркениет

«Төреғали Төреәліге аумай қалыпты!» Зарина Омарованың отбасылық суреті қызу талқыға түсті

  • «Төреғали Төреәліге аумай қалыпты!» Зарина Омарованың отбасылық суреті қызу талқыға түсті

    «Төреғали Төреәліге аумай қалыпты!» Зарина Омарованың отбасылық суреті қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желі арқылы анасын туған күнімен құттықтап, бұрын-соңды көпшілік көрмеген отбасылық суреттерін жариялаған Зарина Омарова оқырмандарының қызығушылығын оятты, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.
Зарина Омарованың ата-анасы бір шаңырақ астында ғұмыр кешпесе де, әншінің анасы мен әкесіне деген махаббаты шексіз. Бүгін өзіне әлемнің жарығын сыйлаған жанды туған күнімен құттықаған өнер иесі, әлеуметтік желіде жан тебірентерлік жазба арнады.
«Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз!

Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан, Ананың биік тұғыры – анадан туған бар адам

Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,
Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам.
Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам – кешірген.
Тілін алсам – айналған, күнәм болса -өшірген.
Ақ анашым, анашым, саған тәнті бала шын!
Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем – жылапсың,
Шыңға шықсам – қуанып, мен құласам – құлапсың, Ақ анашым, Анашым, сендей бар ма жанашыр жан маған бұл жалғанда.
Менің қорғаным, қолдаушым, туған күніңізбен! Екі дүниенің бақыты бұйыртсын. Алланың назарында, бақыттың базарында,
бізбен бірге күліп-ойнап жүре беріңізші. Мен сізді жақсы көремін, Мама!» – деді Зарина инстаграм парақшасында.

Омарованың отбасылық суреттері бірден оқырмандарының назарына ілікті. Ерекше ностальгияға толы естеліктерді көрген көпшілік жұлдызды жанұяға жылы лебіздерін жарыса жазуда.

«Құтты болсын анаңыздың туған күні. Не деген керемет естелік», «Марат ағаға ұқсапсың, Зарина», «Марат аға Төреғали Төреәліге аумай қалыпты», «Таныс сурет. Шаттық әпкем керемет. Жүз жасасын!» – әншінің тыңдармандары.Айта кетейік, Заринаның анасы Шаттық – Марат Омаровтың алғашқы жұбайы. Сазгердің бірінші некесінен Заринадан бөлек, Мәдина мен Азамат есімді балалары бар. Сондай-ақ, екінші отбасында Зүлфия, үшінші шаңырағында Бибімәриям атты қыздары бойжетіп қалған. 




Көрілген: 2245    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.01.2020, 11:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Тамыз, 12:41
    Тіл туралы 7 өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30